Тоқаевтың тәуелсіздік туралы мақаласындағы ой түркі әлемінің атласымен дәлелденді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 24.kz © 24.kz

Тоқаевтың тәуелсіздік туралы мақаласындағы ой түркі әлемінің атласымен дәлелденді. Құнды еңбекте 200-ден аса карта жинақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тоқаевтың тәуелсіздік туралы мақаласындағы ой түркі әлемінің атласымен дәлелденді. Құнды еңбекте 200-ден аса карта жинақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Атластың тұсаукесері "Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра" халықаралық конференциясында өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Өзбекстандағы түркі ұйымдарының басшылары мен ғалымдар қатысты.

"Атлас Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласындағы "Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ" деген ойына дәлел бола алады", - дейді ғалымдар.

Іргелі еңбектің электрон нұсқасы да бар.

"Бірінші орыс тілінде шығардық. Өйткені материалдардың көбісі орыс тілінде. Қазақ тіліндегісі дайын. Қазір тиражы 1000 данамен шықты. Бірақ сұраныс көп болады деп ойлаймын. Сондықтан болашақта бұл кітапты қолжетімді етуге тырысамыз", - деді Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Еске салайық, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланды. Мұнда Президент елдегі бірқатар мәселені көтерді. Оның ішінде жер туралы, экология мен қазақ тілі туралы жазды.

Президент мақаласында жерге "таласқандарға" жауап берген еді. Бұған дейін Ресейдегі Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никонов мемлекеттік телеарна эфирі барысында Қазақстан деген ел болмады деген. Кейін оның сөзін бірқатар ресейлік шенеунік қолдаған. Олар Қазақстанға жерді Ресей сыйлаған деген болатын.

"Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз - ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек", - деп пікір білдірді Тоқаев.

Мемлекет басшысы шекарамыз толығымен шегенделгенін де жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro