12 наурыз 2019 10:19

Төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды

Алана Джордж. © mirror.co.uk

Ұлыбританияда төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды. Оның IQ көрсеткіші 140 балл деңгейінде, - деп жазады Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды. Оның IQ көрсеткіші 140 балл деңгейінде, - деп жазады Lenta.ru.

Алана Джорджтың (Alannah George) ата-анасы Надин мен Эдмунданың айтуынша, қыздары кішкентай кезінен-ақ әріптер мен сандарға қызығушылық білдіріп, бөтен біреудің көмегінсіз сөздерді оқуды да үйреніп алған.

Реклама
Реклама

"Өзі әлі кіп-кішкентай, бірақ өмірін оқусыз елестете алмайды. Оның соншалықты ақылды екенін білгенде - өзіміз де қорқып кеттік, - дейді қыздың анасы Надин. - Ол өте дарынды, алайда біз оның осыншалықты дарыны бар екеніне әлі сене алмай отырмыз".

Анасының айтуынша, ол баласының ерекше дарынын 7 айлық кезінде байқаған. Алана сол кездің өзінде әріптерді атап, бір жылдан соң толық бір сөйлемді оқып, тіпті сөйлей алатын болған. Үш жасында өз бетінше оқи бастаған.

Кейіннен анасы Алананың ақыл-ой дамуын тексеру үшін мамандарға барған. Тестілеудің нәтижесі 4 жасар қыздың жеті жастағы баланың деңгейінде оқи алатынын және 6,5 жастағы бала сияқты ойлау қабілетіне ие екенін көрсеткен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram