Түлектер ҰБТ ұйымдастырушыларының үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылау баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Түлектер ҰБТ ұйымдастырушыларының үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылау баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Журналистердің сұрағына жауап бере отырып Рамазан Әлімқұлов штаттан тыс оқиғалар тіркелмегенін айтты. Алайда тест тапсырушылар мен тексерушілер арасында бір жағдайдың болғанын айтып берді.
"Қазақстанның бір өңірінде бір жағдай болды, біздің өкілдеріміздің үстінен тест тапсырушылар полицияға арыз түсірген, олардың айтуынша тексерушілер түлектердің телефондарын жойып жіберген не тартып алған. Бұл оқиғаны полици бөлімінде тест тапсыру кезінде тексерушінің ережеге сай әрекет еткенін түсіндіріп, бөтен заттардың алынантынын айттық. Осылайша, біз келесі жылы тест тапсырушыларға ескерткіміз келеді. ережеге сәйкес тест тапсыруға бөтен заттарды, яғни электрондықұралдар құралдарды пайдалануға мүлдем рұқсат жоқ. Осы мәселені назарға алса екен дейміз", - деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.
Сонымен қатар, ҰБТ ережелерін бұзған және рұқсат етілмеген заттарды пайдаланғаны үшін 12 адамның тестілеуден шығарылғанын жеткізді. 85 446 рұқсат етілмеген зат тәркіленді, оның ішінде 43 394 электронды құрылғылар (ұялы телефондар, роутер, модемдер) және 42 052 қағаз көмекшілер бар(шпаргалкалар, кітаптар).
"Өз-өзіңді алдау мүмкін емес. Өмірде тек өз күшіңе сенген дұрыс. Өз білімің арқылы тест тапсырған тиімді, - деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.