Түркияның Medipol University ғалымдары аспиринмен жасалатын антитромбоцитарлы терапия васкулогенді эректалды дисфункцияны емдеудің жаңа түрі болады деген шешімге келіп отыр, - деп хабарлайды Renal and Urology News.

Зертеу кезінде тромбоциттердің орташа көлемі барлар мен импотенциядан зардап шеккендерді екі топқа бөліп, бір жарым ай әрқайсысына күнделікті аспирин беріп отырған. Осы уақытта ер адамдар жыныстық саулығының жақсарғанын сезген.
Ацетилсалицил қышқылы тромбоксан бөлетін орташа деңгейдегі тромбоциттерді төмендеткен. Осы арқылы қан тамырын тарылтатын агенттер жұмысын тоқтатқан. Дәрігерлердің пайымынша, бұл импотенцияның бір себебін жоя алады.
2017 жылы қыркүйекте америкалық мамандар порно көрумен байланысты жастар арасындағы эректилді дисфункцияның өршіп жатқанын мәлімдеген болатын.