ҰБТ-2015: Тараздық түлек 125 балл жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-2015: Тараздық түлек 125 балл жинады © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық Бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде тараздық түлек Гүлназ Ердосова 125 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде тараздық түлек Гүлназ Ердосова 125 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жоғарғы балл жинаған Гүлназ Жандосқызы Ердосова Тараздағы № 45 қазақ класикалық гимназиясының түлегі.

Тестілеудің алғашқы күнінде емихан 48 пунктте өткізілді. Өтініш берген 19 743 адамның 18 889-ы (95,5 пайызы) ҰБТ-ға қатысты. 27 түлек емтиханнан шығарылды.

"3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 5 рация, 12 роутер мен модем, яғни, тиым салынған 7 725 зат табылды. Орташа балл - 79,7. 3478 түлек (18,4 пайыз) 50 балдан төмен жинады, 3409 оқушы (18,1 пайыз) 100-ден асырды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ҰБТ-ға оқушылардың орнына кірген бөтен адамдар ұсталып, олардың нәтижелері жойылды", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, биыл 87 783 түлек Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысады. Тестілеу 165 пунктте өтеді. 62 385 оқушы қазақ тілінде, 25 398 түлек орыс тілінде тапсырады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети