ҰБТ-ға қанша қазақстандық қатысады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-ға қанша қазақстандық қатысады? Фото instagram.com/ruslan_yemelbayev

Бүгін Қазақстанда 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды. 180 мыңнан аса түлек тестілеуге қатысуға ниет білдірген, әрқайсында екі мүмкіндік болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірасилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдірасиловтың айтуынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

"Биыл талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігін береміз және ең жақсы нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады. Тестілеуге 181 мың талапкер ниет білдірді, екі рет қатысу мүмкіндігін ескергенде, бүгінде 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. Алты өңірде өтініштерді қабылдау әлі жалғасып жатқанын тағы да еске саламын", - деді Әбдірәсілов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның айтуынша, талапкерлердің басым көпшілігі емтихан тапсыру үшін қазақ тілін таңдаған. Ол - 75 пайыз. Түлектердің 25 пайызға жуығы орыс тілін таңдаса, 221 адам ағылшын тілін таңдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети