11 мамыр 2020 | 09:18

Вирусолог COVID-19 жұқтырудың жиі ұмыт болатын тәсілі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz Көрнекі сурет. Фото: Tengrinews.kz

Ресейлік вирусолог және медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн "Пятый канал" телеарнасына көбіне ұмыт болатын коронавирус инфекциясының тарауы туралы айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік вирусолог және медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн "Пятый канал" телеарнасына көбіне ұмыт болатын коронавирус инфекциясының тарауы туралы айтып берді. 

Вирусологтың сөзінше, шашқа түскен вирус бірнеше тәулік болуы мүмкін. Көп адам бұл жайлы ұмытып кеткен немесе білмейді де. Сондықтан қажет шараларды сақтамайтын көрінеді. Мұндай жағдайда адам баскиімдерін киіп, үйге келгенде шешіп тастауы керек. 

"Екі, үш тәулік шашта қалуы мүмкін. Сондықтан баскиімдерін киіп жүруді ұсынады. Шашта қалады, ал баскиімді үйге келгенде шешіп тастауға болады", - дейді маман. 

Сарапшы карантин режимі әлі енгізілмеген қалаларда көшеде қыдыру кезінде арақашықтық сақтау маңызды екенін айтады.  

"Қыдырып жүрген кезде адамдар басқаларды кездестіреді, сондықтан маска тағып, адам аз жерде жүріп не бірнеше метр арақашықтықты сақтауға тырысу керек", - дейді Анатолий Альтштейн.

Анатолий Альтштейн. © youtube

Вирустың шаш арқылы да тарайтынын бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де ескерткен еді. 

"Басшыларға барлық ғимаратты санитарлық құралдармен қамтамасыз етуге талап қойдық. Сауда нысандарында кезекте тұратын адамдар үшін сызықшалар болуы керек. Ал кассирлер маска, қолғап және қалпақпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі вирус шаш арқылы да жұғады", - деді Бекшин онлайн-брифингте.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети