17 қыркүйек 2019 | 16:45

Вице-министр Фатима Жақыпова өзіне тағылған айыптарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова заңсыз түрде ғылыми дәреже берілді деген айыптауларға қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова заңсыз түрде ғылыми дәреже берілді деген айыптауларға қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін, БҒМ бұрынғы қызметкері Фатима Жакыпованың жұмысындағы плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша диссертацияның тек 40 пайызы ғана түпнұсқа екенін айтқан еді. 

Вице-министр айыптауларға қатысты Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді. 

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық және ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау туралы маған қатысты айыптаумен ақпарат таратылуда. Бүгін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы диссертацияны тексерді. Қазақстанда орындалатын ғылыми еңбектердің плагиатына тексерудің жалғыз бағдарламасы тек аталған орталықта бар. Анықтама скриншотын назарларыңызға ұсынамын.

Мен, өзімнің мыңдаған әріптестерім сияқты, ғылым кандидатының, ғылым докторының дәрежелерін алудың барлық кезеңдерінен: жұмысты кафедрада талқылаудан, сарапшылардың және оппоненттердің көпшілік алдында қорғауға дейінгі сатыларынан толығымен өттім", - деп жазды Жақыпова. 

Оның айтуынша, диссертацияларға қойылатын талаптар және ғылыми кадрларды даярлау жүйесі жөнінде 2011 жылдан бастап Қазақстан кандидаттық және докторлық дәрежелерден бас тартып, толықтай философия докторы - PhD дәрежесіне ауысты. Диссертациялық жұмыстарға қойылатын талаптар өзгерді, басылымдарға және дәйексөз алуға қатысты халықаралық ұстанымдар қосылды.

Нақты айтып кететін тағы бір жағдай: 2011 жылға дейін ғылыми дәрежелер беру сол кездегі Ережелерге сәйкес диссертацияларды Антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеру мүлдем болған жоқ, ол тек жаңа жүйе соңғы жаңа ережелерде көрсетіліп, философия докторы - PhD дәрежесіне ғана қолданыла бастады.

"Иә, бұл алға басқан дұрыс қадам болды. Бірақ ешбір жағдайда да еліміздің мыңдаған ғалымдарының – менің әріптестерімнің ғылыми еңбектерін сынау мен оларды жоққа шығару мақсатында емес!

2011 жылға дейін ғылыми дәрежелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы №16 бұйрығымен бекітілген және 2011 жылға дейін әрекет еткен ережелерге сәйкес, берілді. Осылайша, 10-шы тармаққа сәйкес, автор жаңа шешімдерді нақты түрде дәлелдеуге және белгілі шешімдерге қарағанда, сыни бағалауы тиіс болатын. Сонымен қатар, авторларға ұйымдардан ғылыми тұжырымдардың тәжірибелік мәнділігі және ғылыми тұжырымдарды пайдалану бойынша кеңестер ұсынылатын.

Аталған Ереженің 11-шы тармағында диссертацияның негізгі мазмұны кемінде 30 ғылыми еңбекте, олардың ішінде, 10 жеке, 3 шетелдік ғылыми басылымдарда және 10 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитетімен бекітілген тізбедегі (кемінде бес әр түрлі атаулар) басылымдарда жариялануы айтылған. Мен аталған талаптарды толығымен сақтай отырып, еңбектерімді тиісті жарияланымдарда басып шығардым. Сонымен қатар, кез-келген адам, автордың қорғауға ұсынған ережелерімен ашық түрде танысуға болады.

15-шы тармақта диссертация орындалған ұйым диссертацияның алдын ала сараптамасын өткізетіні көзделген. Менің жұмысым бойынша, дәл солай барлық басқа да жұмыстар бойынша ғылыми жаңашылдықтың болуына, өзектілігіне және тәжірибелік мәнділігіне қатысты сараптама жүргізетін рецензенттер тағайындалып, олар диссертация бойынша оң пікірлерін берді", - деді вице министр. 

Жұмысты сондай-ақ үш оппонент тексеріп, диссертацияның жаңа ғылыми нәтижелері мен автордың көпшілік алдына ұсынылатын ережелерінің жиынтығына қатысты сыни бағалай отырып, қорғауға жіберуге болатындығын анықтайды. Ол сатыдан да менің диссертациям нәтижелі өтті.

"Барлық қорғау кезеңдерінен өтудің заңдылығын растайтын құжаттар бір айдың ішінде Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитетіне ұсынылатын, онда жұмыс тағы бір рет тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен сараптамадан өтеді, ол сатыдан диссертация сәтті өтті. Тек барлық кезеңдерден сәтті өткен соң ғана ғылыми дәреже берілетін. Ғылыми дәрежені берудің заңдылығын растайтын барлық құжаттар мұрағатта 75 жыл бойы сақталады.

Ең соңында менің айтарым. Осыған дейін маған және менің әріптестеріме қатысты таратылған жалған ақпарат бойынша ар-намысымызды, абыройымызды және iскерлiк беделдiлiгiмізді қорғау туралы талап-арыз сотқа жолданды және ол сот өндірісіне қабылданды", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети