Жаңа Жер аталған ғаламшар өмір сүруге жарамсыз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Жер аталған ғаламшар өмір сүруге жарамсыз болып шықты © QWRT.ru

NASA ғалымдары қызыл ергежейлер аталып кеткен жұлдыздарды айналып жүретін ғаламшарларда су мен оттегі жоғын анықтады. Бұл Екінші Жер аталып кеткен Proxima b экзоғаламшары өмір сүруге жарамсыз екенін білдіреді, - деп хабарлайды Gizmodo.

Зерттеушілер қызыл ергежейлер шашатын ренген және ультракүлгін сәулелердің осы ғаламшарлардың атмосферасына әсерін бағамдап көрді. Қуаты күшті сәулелер экзоғаламшарлардың атмосферасын "үрлеп" әкетеді десе болады. Ғаламшарлар көбіне оттегін жоғалтады екен, ал бұл сұйық судың да жоқ екенін білдіреді. 

Жерге ең жақын Proxima b экзоғаламшарына мұндай сәулелер екі сағат сайын әсер етеді екен. Демек 10 миллион жылда мұнда оттегі толықтай жойылады. 

Зерттеу нәтижесі өмір сүруге жарамды ғаламшарларды анықтау мүмкіндігін азайтты, өйткені Күн жүйесіне жақын ғаламшарлардың барлығы қызыл ергежей болып келеді. Ал қызыл ергежейлер тіршілік етуге жарамсыз екені белгілі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети