Жақын уақыттағы жаһандық апаттың неден болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақын уақыттағы жаһандық апаттың неден болатыны айтылды Иллюстрациялық сурет © LifeGlobe

Америкалық ғалымдар тобы осы ғасырдың соңына таман теңіз суы жарты метрге көтерілетінін және осының салдарынан әлем бойынша жағалауда орналасқан қалалардың бәрін су шаятынын айтады. Ғалымдардың зерттеуі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. 

Мамандар жер серігінен 25 жылда алынған мәліметтерді сараптап, теңіз суының көтерілуін болжайтын климаттық модель жасады. 1993 жылдан бері әлем бойынша теңіз суы жылына 0,084 миллиметрге көтеріледі екен. Осылайша, 2005 жылдан 2100 жылға дейінгі аралықта су деңгейі 65 сантиметрге көтеріледі деп есептеліп отыр.  

Теңіз көлемінің артуы қызудан, еріген мұз бен жанартаулардың әсерінен болып отыр. 

Оңтүстік Флорида, Бангладеш, Шанхай және Вашингтонның бір бөлігін судың шайып кетуіне себеп - жаһандық жылу салдарынан Гренландия және Антарктида мұздарының жылдам еруі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети