Жоғарғы сыныптарда пәндердің 30 пайызы қысқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сыныптарда пәндердің 30 пайызы қысқаратын болды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңарған мазмұнға өту аясында жоғарғы сыныптардың оқу бағдарламасы қысқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңарған мазмұнға өту аясында жоғарғы сыныптардың оқу бағдарламасы қысқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап.

"Жаңа бағдарламаға сәйкес, бұл биыл жүзеге асырылмайды, бұл төрт жыл бойында жүзеге асырылады, жоғары мектептерде оқу бағдарламаларының саны қысқарады. Қазір нақты сандарды келтіре алмаймын, бірақ шамамен 18-19-дан 14 пәнге дейін қысқарады. Сондықтан Президенттің тапсырғаны негізінде көп айтылды. Мамандармен жұмыс істедік және енгізіп жатырмыз. Яғни жоғары сыныптар үшін оқу бағдарламасы айтарлықтай 30 пайызға қысқарады, бірақ бірден биыл емес, келесі жылдан да емес, олардың жаңарған мазмұнға қалай көшуіне байланысты болады. Дәл осы жаңарған мазмұн пәндерді қысқартуға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Сағадиев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы аяқталғаннан кейін.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында елдегі мектеп оқушыларының білім беру бағдарламасы бойынша өте көп пәндерді оқитынын айтып, оларды қысқартуды қарастыруды тапсырған болатын. "Мен бұл мәселеде маман емеспін, маған осы жайлы түсіндірді, яғни мамандар бар, олар осында отырады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті - бір пән қылуға бола ма? Әдебиет пен орыс тілінің грамматикасын, тарих пен географияны қосып жіберуге бола ма? Біз балаларға көптеген пәндерді тықпалай береміз, мұндай жағдай әлемнің ешбір елінде жоқ", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети