"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі телефон енді қиял болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі телефон енді қиял болмайды "Звездные войны" фильмінен бір кадр

Осы күнге дейін құр қиял боп келген идеяны польяктың Leia Display Systems компаниясы нақты өмірде дүниеге әкелуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Daily Mail газетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz.. Бұл арада "Жұлдыздар соғысы" фильмі кейіпкерлерінің бір эпизодта бір-бірімен тілдесетін голограмма жайында сөз қозғалады деп жазады газет. Тіпті, компания алдағы жылы осындай технологияны қамтитын құрылғының алғашқы моделін шығаруды да көздеп отыр. Абонент сөйлесу барысында хабарласқан адамының үш өлшемді жанды бейнесін көре алады. 3D-қоңырауды жетілдіру үшін арнайы жабдықталған проектор мен оның интернетке қосылғаны керек. Байланыс болған кезде тілдескен адамның голограммасы нақты уақыт режимінде сөйлеп, қозғалып және сөзді естіп тұратын болады. "Бұл әлемнің қай түкпірінен хабарласып тұрғанына қарамастан сіздің жақындарыңыздың немесе достарыңыздың дәл жаныңызда тұрып сөйлеп тұрғаны секілді әсер береді" деп түсіндіреді компанияның атқарушы директоры Марцин Панек. Оның айтуынша, 3D-голограммаға арналған машинкалар әзірге көлемді әрі ыңғайсыз. Сондықтан қазір компания оны журнал үстеліне қоюға ыңғайлы етіп кішірейтуге тырысып жатыр. Leia Display Systems өз өнертабыстарының нарықта бес жыл барысында пайда болып қалады деп санайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети