Жұмбақ балық - "худвинкер" тұңғыш рет солтүстік жарты шарынан байқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмбақ балық - "худвинкер" тұңғыш рет солтүстік жарты шарынан байқалды © facebook

Таяуда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Барбара жағажайында жергілікті тұрғындары жағаға шығып қалған алып балықты байқады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай балық солтүстік жарты шарында бұрын соңды байқалмаған, - деп хабарлайды The Weather Channel.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Барбара жағажайында жергілікті тұрғындары жағаға шығып қалған алып балықты байқады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай балық солтүстік жарты шарында бұрын соңды байқалмаған, - деп хабарлайды The Weather Channel.

2,1 метрлік балықтың суреттерін америкалық биологтар Facebook желісінде жариялады. Бұған Аустралия мамандары қызығушылық танытты. 

Суретті зерттей отырып, Мердок университетінің өкілі Марианна Найгаард және Оңтүстік Аустралия мұражайының ихтиологы Ральф Фостер табылған осы ерекше тіршілік иесін алып күн балығы (латын тілінде Mola tecta) деген қорытындыға келді.

Бұл кәдімгі ай-балыққа (Mola mola) өте ұқсас. Тек 2017 жылы оны балықтың жаңа түрі деп, "худвинкер" - "алдаушы" деген атау берілді. Бұл соңғы 130 жылда ашылған ай-балықтың алғашқы жаңа түрі болды.

Худвинкерлер өте ірі сүйек балықтары, олардың ұзындығы үш метрге дейін өсіп, салмағы екі тоннаға дейін жетеді. Сондықтан, ғалымдар үшін бұл балық түрі ұзақ уақыт бойы жасырынып жүрген құпия болып қала береді. Негізінен бұл балықтар оңтүстік жарты шарда, Аустралия, Жаңа Зеландия, ОАР және Чили жағалауында кездеседі екен. 


Худвинкер мен адамның мөлшерін салыстыру. © Wellington Museum 

Енді мамандар Аустралия мен Жаңа Зеландияның жағалауында өмір сүретін балық неліктен мұхитты кесіп өтіп, жарты шарды өзгерткені туралы бас қатырып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети