Өтіп бара жатқан жылы Қазақстан шоу-бизнесі мен спорты өкілдерінің шаңырағында қуанышты жаңалық болды. ZTB.kz биыл ата-ана атанған қазақстандық жұлдыздарды тізіп шықты.
Өтіп бара жатқан жылы Қазақстан шоу-бизнесі мен спорты өкілдерінің шаңырағында қуанышты жаңалық болды. ZTB.kz биыл ата-ана атанған қазақстандық жұлдыздарды тізіп шықты.
Динара Сәтжан
Биыл 17 қаңтарда тележүргізуші Динара Сәтжанның қызы Диана өмірге келді.
Балақай төрт келі болып туылған, бойы - 58 сантиметр. Бұл Динара Сәтжанның екінші баласы, үлкен ұлы - Даниал сегіз жаста.
Әсел Сағатова
Актриса Әсел Сағатова ұлын БАӘ-де өмірге алып келді, ол жүктіліктің соңғы үш айында сол жақта болды.
Актриса мен оның жолдасы тұңғыш балаларына Алдияр деген есім қойды.
Әсел баласының түрін көрсетпейді, бірақ кейді Instagram-дағы парақшасына әсерлі суреттерін салып қояды.
Серік Сәпиев
Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, боксшы Серік Сәпиевтің отбасы биыл тағы бір мүшемен толықты. Серік Сәпиевтің жары Мөлдір дүниеге қыз әкелді. Бұл Сәпиевтер отбасындағы үшінші бала. Үлкен қыздары Аққу мен Алуаның тағы бір сіңлісі өмірге келді, оған Айсұлу деген есім берілді.
Мәдина Сәдуақасова
Маусымда Мәдина Сәдуақасова ұлын өмірге әкелді, оған Әнуар деген есім қойылды. Баланың салмағы 3,969 келі болған, ал бойы - 59 сантиметр. Бұл - әнші мен оның жолдасы Олжастың тұңғыш баласы.
Тұрсынбек Қабатов
Танымал әзілкеш, Қазақстанның КВН құрамасының мүшесі Тұрсынбек Қабатовтың ұлы қыркүйектің 25-інен 26-сына қараған түні өмірге келді. Бұл - Қабатовтың отбасындағы төртінші бала.
Әнел Әрінова
Қазақстандық әнші Әнел Әрінова да биыл ана атанды. Бұл хабарды алғашқы болып оның продюсері Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол ұлына арабша Имран деген есімді қойды.
Бұл есімнің мағынасы бала адал әрі сенімді ер-азамат болып өсіп, отбасы мен қарапайым қуанышты бағалайтын білетін адам болсын дегенді білдіреді.
Әнел жүктілігін жасырған жоқ, ол дөңгеленген ішін суретке түсіріп жариялап отырды.
Мария Федоренко
Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мария Федоренко биыл үшем туды. Үшеуі де - ұл бала. Шығыс Қазақстанның хоккейшісі мен оның жолдасы ұлдарына Архип, Прохор және Егор деген есім қойды.
Мария Федоренко - "Б" тобындағы әлем чемпионы, 2005-2006 жыдары Еуролигада екінші орын алды, сонымен қатар 2006 жылы Азия лигасында маусымның ең үздік қорғаушысы ретінде жеңіске жетті.
Диляра Байжанбаева
Актриса Диляра Байжанбаева өмірге қыз бала әкелді. Актриса Париждегі La Muette емханасында босанды. Диляра Байжанбаева мен оның жолдасы Асхат Әлішев қыздарына Амели деген ат қойды.