"4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен". Жұлдыз Әбдукаримова сынағандарға жауап берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен". Жұлдыз Әбдукаримова сынағандарға жауап берді zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукаримова атқа отырғанын сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукаримова атқа отырғанын сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені сен ғана түсінесің, тұлпарым! Ал түсінбейтіндер, директке жазған бір оқырманым сияқты "4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен" деп, менің жанымды, саған деген махаббатымды түсінбейді. "Неге біз көпбалалы аналардың "4 балаң бар саған болмайды" деп мүмкіндігін шектеп, дамуын тоқтатып, бар дүниеден баз кешкен мүсәпір етіп тастаймыз. Бала деген анаға берілген масыл емес, асыл ғой" деп мен оларды түсінбеймін… Ең бастысы, мені сен ғана түсінесің, Тұлпарым", - деп жазды әнші Желіде

Актрисаның жазбасына пікір жазғандар оның бұл әрекеті өзіне жарасатынын айтты:

6 бала болса да, маған салса түйеге отырар едім. Көңіл шіркін жас қой әрқашан да!

Ешкімге ешқашан жақпайсың, бәрі керемет болса да бір құмалақтай мін тауып соны түйедей етеді.

Керемет! Көп балалы ана Жұлдыздай-ақ болсын!

Апаларымыз да мінген атқа, онда тұрған ешқандай ерсілік жоқ деп ойлаймын. Керемет, менің де мінгім келеді. Жарайсың, айтатын ауыз айта берсін, бұл сенің өмірің!

Иә, жарасады өзіңе, Жұлдыз ханым! Күлген күлкің, тұрысың, жүрісің балаға деген мейірімің, анаға деген құрметің, бәрі-бәрі. Өміріңіз де осы тұлпардың шабысындай болсын, тек алға...

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети