56 жастағы Мадонна сахнада рэпер жігіттің ернін қыршып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

56 жастағы Мадонна сахнада рэпер жігіттің ернін қыршып алды ©Скриншот

Әнші Мадонна сахнада рэпер жігіттің ернін қыршып алды. Бұл ролик Youtube желісінде 3 күннің ішінде 5 миллионнан астам рет көріліп үлгерді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Мадонна сахнада рэпер жігіттің ернін қыршып алды. Бұл ролик Youtube желісінде 3 күннің ішінде 5 миллионнан астам рет көріліп үлгерді.

Оқиға Калифорния штатындағы Coachella музыка фестивалінде болды. Әнші 28 жастағы рэпер Дрейктің ернінен сүйіп, одан кейін тістеп алады. Бұдан кейін өнерпаздың ауырсынған кебін көруге болады. Соған қарағанда, рэпер оның бұл әрекетін құп көрмеген болуы мүмкін.

56 жастағы жұлдыздың бұл ісі Интернетте дауға ұласты. Кейбір оқырмандар оның осындай әрекеттержі жақсы көретінін және жарасатынын жазса, ал кейбіреулер бұл істі құптамай отыр. 

Еске салайық, осыған дейін Мадоннаның Brit Awards сахнасында омақаса құлағаны хабарланған болатын. Мадонна сахнадан жоғары орналастырылған подиумға шығатын сатының үстінде тұрған. Оның үстіне киген ұзын мантияны биші тартып, Мадоннадан шешіп алуы тиіс болған. Алайда бұл жүзеге аспады, себебі биші мантиямен бірге әншіні тартып әкетіп, ол кері қарай құлап түсті. Мадонна құлағаннан кейін біраз уақыт әнін айтпады, бірақ көп ұзамай өнер көрсетуін жалғастырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети