"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызымен үйленеді

14 Сәуір 2017, 13:50
0
"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызымен үйленеді - © Anelya Batalova/Facebook
© Anelya Batalova/Facebook

"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталовамен биыл мамырда үйленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қарапайым қыз, шоу-бизнеске қатысы жоқ, әнші емес. Тойды Оразаға дейін, мамырдың соңында өткізгіміз келеді", - деп хабарлады Шоқан Маратұлы. 

Ол болашақ жарының Райымбек Баталовтың қызы Анель екенін растады. Әнші тойдың қалай өтетінін әзірше айта алмады: "Ұйымдастырып жатырмыз, сондықтан айта алмаймын", - деді Маратұлы.

Шоқан Маратұлы Анель Баталоваға 7 сәуірде кинотеатрда ұсыныс жасаған болатын. 


Анель Баталова. Фото: Anelya Batalova/Facebook

Жұп 2016 жылдың қарашасында көңіл қосқан. Айта кетейік, Шоқан Маратұлының шын есімі Шухрат Умаров.

Райымбек Баталов - бизнесмен,"Алматы зообағына әлеуметтік көмек" қорының басшысы, Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді 50 бизнесменінің қатарына кіреді.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай