Instagram жұлдызы жұмбақ жағдайда мерт болды: Полицейлер істі анықтап жатыр - БАҚ

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Instagram/sineadmcnamara © Instagram/sineadmcnamara

Грекияның құқық қорғау органдары аустралиялық Instagram-блогер әрі модель Шинейд Макнамараның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Ол мексикалық миллиардердің Mayan Queen IV яхтасында Кефалонияда табылған, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі гректің Kathimerini газетіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Грекияның құқық қорғау органдары аустралиялық Instagram-блогер әрі модель Шинейд Макнамараның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Ол мексикалық миллиардердің Mayan Queen IV яхтасында Кефалонияда табылған, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі гректің Kathimerini газетіне сілтеме жасап. 

Times гезетінің жазуына қарағанда, 20 жастағы модель ауыр халде яхтада табылған, кейінірек комаға түсіп, Афин ауруханасына тікұшақпен тасымалданған кезде қайтыс болған.

Газеттің хабарлауынша, ол кеме Еуропа бойынша төрт айлық круиз жасаған кезде яхтада жұмыс істеген, бірақ Макнамардың жұмысы мен міндеттері көрсетілмеген.

Саяхатта түскен суреттерін қыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеп отырған. Оның шамамен 23,2 мың оқырманы бар. Құқық қорғау органдарындағылар басылымға полиция өзін-өзі өлтіру нұсқасын қарастырып жатқанын айтты. 

Аустралиялық News.com.au жаңалықтар порталының хабарлауынша, оқиға кезінде кемеде экипаж мүшелері ғана болған. Олар ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Модельдің туыстары аустралиялық медиаларға Макнамараның оқыс оқиғадан қайтыс болғанын хабарлаған. 



БАҚ-тардың хабарлауынша, яхта 87 жастағы миллиардер Альберто Байлереске тиесілі. 2018 жылы Forbes журналы оның байлығын 9,6 миллиард долларға бағалады. Байлерес Миксикадағы ең бай адамдардың бірі және Industrias Penole кен өндіру компаниясын басқарады. БАҚ жариялаған мәліметтер бойынша, миллиардер отбасымен оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын яхтадан кетіп қалған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro