Айдай Исаеваның кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдай Исаеваның кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды @Gor.kz

"Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаева тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Сomode. 25 жастағы арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен. Олардың таныстығына үш жыл болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаева тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Сomode. 25 жастағы арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен. Олардың таныстығына үш жыл болды.

Айдай Исаеваның айтуынша, ол болашақ күйеуімен мейрамханада танысыпты. Ол уақытта Айдай құрбыларымен кезекті емтиханды сәтті тапсырғанын атап өтіп жатқан. Көрші дастарханда отырған Мақсат қызбен танысу үшін бел буып, ақыры мақсатына жетеді.

"Барлық қыздар үшін отбасы бірінші орында болу керек. Дегенмен мені күйеуім үй шаруасымен отырғызып қоймайды. Болашақ күйеуіміз екеуміздің ойымыз бір жерден шығады, қазіргі заманның әйелдері бәріне үлгеру керек", - деді Айдай.

Некелесу рәсімі Алматыдағы "Бақша Сарай" мейрамханасында өтеді. Тойға жастардың туыстары мен жақындарынан бөлек, Айдайдың "Әлем аруы" байқауында танысқан достары қатысады.

Еске салайық, осыған дейін Айдайдың интернетте күлкіге қалғанын хабарлаған едік. Әлеуметтік желілерде арудың КТК арнасына берген сұхбаты пайда болғаннан бері оның Instagram парақшасында кері мәндегі мыңдаған пікірлер жазылып үлгерген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети