Әйгілі Ким Кардашьянды бір топ зейнеткер тонап кеткен - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі Ким Кардашьянды бір топ зейнеткер тонап кеткен - БАҚ © elizabethsreign.com

Әйгілі фотомодель, шоу-бизнес жұлдызы Ким Кардашьянға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости Францияның LCI телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі фотомодель, шоу-бизнес жұлдызы Ким Кардашьянға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости Францияның LCI телеарнасына сілтеме жасап.

Шабуылды ұйымдастырушы осыған дейін бірнеше қылмыс жасаған Омар Старый лақап есімді 60 жастағы Омар Аит Хедаш екені анықталды. Ол Парижге ақша табу үшін барған. Содан ол қаладағы кафе даяшыларының бірінен Парижге америкалық мультимиллионер әйелдің келгенін естіген.

Айта кетейік, бұл қылмыстық топта 61 жастағы Дидье Дюбрек, 63 жастағы Юнис Аббас пен 72 жастағы Пьер Буианер болған. Шабуыл жасағандардың ең жасы - 54 жастағы Франсуа Делапорт. Сондай-ақ, Омар Аит Хедаш бұл іске ұлын да тартқан екен. Бірақ ұлы тек жүргізуші болған.

Еске сала кетейік, 3 қазанға қараған түні Парижде қаруланған ер адамдар Ким Кардашьянға шабуыл жасаған болатын. Ер адамдар бетперде киген және қолдарында қару болған. Кардашьянның өкілінің айтуынша, шабуыл жасағандар полицейдің формасында болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети