Айқын Төлепберген КешYOU экс-солисіне үйленді ме?

?аза?станды? ?нші Ай?ын Т?лепбергенні? КешYOU экс-солисі Ж?лдыз ?мір?алиге сыр?а салып жат?ан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бір топ адамның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен шығарып салып жатқаны көрінеді. "Артыңа қарама" дейді кадр сыртындағы адам. Ал кейін Айқын оны сүйіп, көтеріп алып бара жатады.

Реклама
Реклама

Youtube желісінде тағы бір видео пайда болды. Мұнда Айқынға ұқсас ер адам Жұлдызға сырға тағып жатады. 

Алайда Айқын Төлепберген Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы бұл кадрлардың фильмнің түсірілім жұмыстары кезінде түсірілгенін айтып берді. Әнші мұның қандай фильм екенін айтқысы келмеді. 

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниее келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған. Еске салайық, Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті.

Ал 22 жастағы Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол КешYOU тобына 2014 жылы келіп, былтыр шығып кеткен еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама