10 ақпан 2016 23:17

Айқын мен Сосо Павлиашвили жұбайларына бейнебаян арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айқын жұбайы Асельмен Айқын жұбайы Асельмен

Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірді. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірді. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушылар 2015 жылдың қарашасында бірлесіп жұмыс істей бастаған еді. Сол кезде Айқын Ресейдің және шетелдің әртістерін Қазақстан территориясында ұсынатын Аслан Тілеубаевпен танысқан. Тілеубаев Айқыннан кіммен бірге ән айтқысы келетінін сұраған, әнші Сосо Павлиашвилиді сүйіп тыңдайтынын айтады. Келіссөздерден кейін әртістер бірге бейнебаян түсіреді деген шешім қабылданады. Бейнебаянның режиссері Валерий Задарновский.

"Әр күні" әнінің авторы Сосо Павлиашвилидің өзі, қазақ тіліндегі сөзін Арман Дүйсенов жазып берді. Айта кетейік, әртістер бейнебаянды жұбайларына арнап отыр. Мәселен, видеода Айқынның әйелі Асель мен Сосоның жұбайы Иринаны көруге болады. "Сосомен сөйлескенімізде ол өз әйелдерімізді түсірсек жақсы болар еді деді. Ол әнін өзімен күн сайын бірге болатын сүйіктісіне арнады. Мен оған ешқашан әйелімді жұрт алдына шығармағанымды айттым. Бірақ ол мені көндірді. Менің әйелім Аселя ең басында келіспеген еді, себебі ол жүктіліктің төртінші айында. Оны да әйтеуір көндірдік. Төрт күнде әрең көндірдік", - деді Айқын.  

Қазіргі уақытта Айқын 2 наурызда Республика сарайында өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр. Ол көрермендеріне 3D элементтері бар бірегей шоу көрсетуге уәде берді. Сол күні оны қолдап жақын әріптестері Нұржан Керменбаев, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Дастар Оразбеков, Луина және Қанат Сыбанов келеді. "Бұл менің сахнада жүрген 13 жылымдағы Алматыдағы екінші жеке концертім болады. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілік. Дайындалып жатқанымызға көп болды, барлық көрерменіміз елдегі дағдарысты бір уақыт ұмытып, жақсы, жанды музыка тыңдасын деп, оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келеді", - деді Айқын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети