15 сәуір 2022 15:44

"Ажырастым деген құжатын көрсетті". Өнердегі танымал жұптар қалай бас қосқан?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-парақшаларынан алынған суреттер Instagram-парақшаларынан алынған суреттер

Махаббат айдынында қос аққудай қалықтап, өнерде де, өмірде де серіктеріне айналған жұлдызды жұп көп. Tengrinews.kz тілшісі өнердегі ғашықтардың тізімін жасап көрді.


Махаббат айдынында қос аққудай қалықтап, өнерде де, өмірде де серіктеріне айналған жұлдызды жұп көп. Tengrinews.kz тілшісі өнердегі ғашықтардың тізімін жасап көрді.

Театр, кино актері Досхан Жолжақсынов пен әнші Қарагөз Сүлейменова 1989 жылы 25 ақпанда шаңырақ көтерген. 

Сурет karagozsuleimenova Instagram-парақшасынан

"Осыдан тура 33 жыл бұрын Жолжақсыновтар әулетіне келін болып, Досекең екеуіміз отбасын құрдық. Дәл бүгінгідей мамыражай, қыстың жылы кезі еді. Уақыт шіркін..." - деп жазды Қарагөз Сүлейменова.

Сурет karagozsuleimenova Instagram-парақшасынан

"Үйленген күніміз, өмір керуеніне бірге қол ұстасып шыққан күніміз құтты болсын", - деген еді әнші Желіде.

Олардың Біржан, Бекзат есімді ұлдары, Ділдә есімді қыздары бар.

Олар "Астана" телеарнасы берген сұхбаттарының бірінде көп жүрмегендерін, Қарагөз жұбайын танып үлгермегенін, екі айдың ішінде қосылғандарын айтты. Сол сұхбатта "тоқалсың ба" дейтін көпшілікке "басы бос болмаса, кездеспек түгілі сөйлеспейтінін" жеткізген еді. 

"Бірінші рет көргенде маған ұнаған жоқ. Автобуста көргенде, "алтын қыз" деп құрт ұсынды. 1 аптадан кейін қарасам, қыз-келіншектердің бәрі осы кісімен шүйіркелескісі келеді екен. Театрға шақырды. ... Кейін 1987 жылы көкек айында ажырастым деген құжатын көрсетті", - деді ол.

Ал Димаш Құдайбергеновтің ата-анасы - Қанат-Света Айтбаевтар. Олар университетте оқып жүргенде танысқан, қазір 1994, 2001, 2007 жылдары дүниеге келген үш бала тәрбиелеп отыр. 

Сурет kanat_sveta_aitbayevtar Instagram-парақшасынан

"Қызым ескі альбомдардан анасының суретін тауып алыпты. "Әке, талғамың жақсы екен!" деп мақтады", - деп жазды Қанат Айтбаев.

Сурет kanat_sveta_aitbayevtar Instagram-парақшасынан 

Композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева - өнер айдынындағы жарқын жұптың бірі.

Сурет nurzhamal_ussenbayeva Instagram-парақшасынан 

Олар төрт бала тәрбиелеп отыр - Жанна Мұхамеджанова, Құралай Мұхамеджанова, Қарлығаш Мұхамеджанова, ұлдары - Дәурен Мұхамеджанов.

Кенже қыздары Қарлығаш Мұхамеджанова актриса ретінде де өнер көрсетіп жүр. Ол "Дала дауысы", "Аманат", "Келинка Сабина-2" секілді бірнеше фильмге түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Карлыгаш Мухамеджанова (@karlygashmuhamedzhanova)

Эстрадада домбыраның сүйемелдеуімен тың бағытта "Әгугай, домбыра", "Сырғалым", "Көзіңнен айналайын" секілді қазақ әндерін орындап жүрген Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінде бірге оқыған.

Олардың балалары да өнерден құр алақан емес. Ербол Құдайбергенов - күйші, домбырашы, жұбайы Назгүл - қобызшы. Айбол Құдайбергенов - күйші, әнші, сазгер, музыка өңдеуші. "Мен қазақпын" деп әндеткен Ерболат Құдайбергенов - танымал әнші. Салтанат Құдайбергенова - әнші, биші. Еркін Құдайберген - күйші, домбырашы. 

Әнші Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева - эстрадада жүрген жұптың бірі. Өнерлі отбасы жеке әнші ретінде өнер көрсететіндерін, дуэт болып жылына 1-2 ғана ән жазатындарын айтқан еді.

Сурет ramazan_stamgazy Instagram-парақшасынан 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рамазан Стамгазы (@ramazan_stamgazy)

Шоу-бизнестегі танымал жұптың бірі  Қыдырәлі мен Қарақат 1999 жылы 20 тамызда шаңырақ көтерген. Олар қазір 4 ұл және 2 қыз тәрбиелеп отыр. 

Былтыр Қыдырәлі Болманов инста-оқырмандарынан сүйінші сұрап, Аяланың артынан тағы бір қыз бала ергенін, Қарақаты "өмірге балпанақтай бөпе әкелгенін" жазған еді.

Сурет karakat_a Instagram-парақшасынан

Өнердегі әдемі жұптың бірі - Тоқтар мен Бейбіт. Сазгер, әнші Тоқтар Серіковтің жары, белгілі әнші Бейбіт Сейдуалиева кейінгі сұхбаттарының бірінде ер адамдар Тоқтардан оның телефонын сұраған сәттер болғанын, екі баласы шетінеп кеткенін айтқан еді.

"Қыздар оның ернінен де сүйіп кеткен кездер болды"

Ән әлемінде қол ұстасып жүрген әдемі жұп Жанболат пен Жазира бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр. Олардың Қазбек есімді ұлы, Дара атты қызы бар.

Кейінгі жазбаларының бірінде Жазира жұбайына арнап, жазба жариялаған еді.

"Қалай толып кетпей бір қалыпты жүресіз?!” дейді. Күйеуімнің арқасы. Жәкең маған 25 жылдан асса да жаңадан үйленгендей қарайды. Қалай дейсіздер ма? Мен онымен тәулігіне 24 сағат біргемін. Маған күнде "әйел қандай болу керек" деген сабақ өтеді. "Олай істеме былай істе, мынаны ки, мынаны киме, ана жаққа бар, мына жаққа барма, мынандай әңгіме айт, мынандай әңгіме айтпа" деген сияқты ғой. Егер өз білгеніммен жүре беретін болсам, Жәкең өте жұмсақ болса, мінезі жәйлыыы болса толып кететін шығармын. Осындай болғаныңа рахмет, Жәкем!" - деп әзілдеген еді әнші Желіде

Сурет zhazira_bairbekova Instagram-парақшасынан

"Тау-тау сезім" деп әндеткен танымал жұп Аиша (Виктория Жансейітова) мен Бүркіт (Айбек Жансейітов) 2010 жылы шаңырақ көтерген. Ал Бүркітпен дуэт ретінде шығармашылығын 2008 жылы бастаған. Олар үш бала тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары - Зейін, екіншісі - Омар, үшіншісі - Сафия.

Сурет berkut_aibekjan Instagram-парақшасынан

Бүркіт бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде анасы Аишаны бейнебаян барысында көріп, ұнатқанын, беташарға әкелгенде ең бірінші сол қуанғанын айтқан еді. 

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс Екатерина есімді қызбен отбасын құрған. Аралары - 15 жас. Сейфуллиннің айтуынша, жас айырмашылығы ешқандай кедергі келтірмейді. Олар Азалия, Аниса есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.

"Екатерин Жолбарыс!" - деп жазды әнші Желіде

Сұхбаттардың бірінде Екатерина өнер әлеміне бала кезінен қызыққанын айтқан еді. Былтырдан бері әншілер отбасылық дуэт ретінде алғашқы әнін жазған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СЕЙФУЛЛИН ЖОЛБАРЫС 🎼🎸 (@s_zholbarys_official)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СЕЙФУЛЛИН ЖОЛБАРЫС 🎼🎸 (@s_zholbarys_official)

Өнерде өздерінің ерекше стилін қалыптастырған әншілер - Ерлан мен Баян. Ерланның айтуынша, "Біргеміз" әні - Баян екеуін дуэт ретінде қалыптастырып әрі көпшілікке отбасылық дуэт ретінде таныстырған ән.

Сурет erlan_orynbasarov Instagram-парақшасынан

Сұхбаттардың бірінде әнші Ерлан Орынбасаров дуэт ретінде жазылған "Сенім" деген әннің тарихын айтқан еді. 

"Бірде достарыммен таңғы 3-ке дейін жүріп қалыппын. Үйге 3-те келіп, таңғы 5-ке дейін есік қақтым. Кілтімді алмаппын. Сөйтіп, бұл қыз маған сенбей жүрген шығар деп "Сенім" деген ән жазған болатынбыз", - деген еді ол.

Әнші былтыр 1 қарашада әулетіне тағы бір батыр қосылғанын айтып, Желіде оқырмандарынан сүйінші сұрады. Сонымен қатар, берекелі шаңырақ болудың басты шарты жақсы жар таңдай білу екенін жеткізген еді.

"Отбасын құрмас бұрын, қиындыққа бірге төтеп беретін жанды таңдаған дұрыс, қиындықты жеке басыңа ысырып қоятын емес! Бәлкім көп шаңырақтың шайқалып жатқан себептерінің бірі осы мәселе шығар! Шүкір қаншама қиындық пен өз еңбегіміз, арадағы түсіністіктің болуынан қанағат пен шүкіршілікті серік етіп, бірге барлығын көріп келеміз! Шүкір Аллаға" - деп жазды Ерлан Орынбасаров Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕРЛАН ОРЫНБАСАРОВ (@erlan_orynbasarov)

Арман Қоңыр мен Аша Матай 2015 жылғы 25 қыркүйекте отау құрған еді. Олардың Асылым, Айым есімді екі қызы бар.

"Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!" - деді әнші Желіде.

Сурет asha_matai Instagram-парақшасынан

Аша жарының әр жетістігіне қуанып, оны Желіде оқырмандарымен бөлісіп отырады.

"Сүйінші!!! "Өнер барысы" жобасының 80 келі салмақтағы чемпионы - Арман Қоңыр! Жаным, құтты болсын! Сен бұл белбеуге лайықсың! Жеңістер өміріңде көп болсын, чемпионым! Тезірек аман-есен Алматыға оралуыңды күтемін!" - деді әнші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети