10 наурыз 2017 | 10:40

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stan.kz © stan.kz

Әнші Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол Stan.kz басылымына берген сұхбатында айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Әнші Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол Stan.kz басылымына берген сұхбатында айтты. 

Айта кетейік, осыған дейін әншінің бір тойда қаламақысын ала алмай тұрғаны бейнеленген видеосы таралып, бұған қатысты оқырмандар түрлі болжам айтқан. Ал әнші бұл оқиғаның 3-4 жыл бұрын Талдықорғанда болғанын айтып, бұған қатысты былай деп пікір білдірген: "Келісім бойынша 3 мың АҚШ долларын төлеуі керек болған. Мүмкін менің ақымды сол ұйымдастырушылар әуреге сала отырып, иемденіп алмақшы болған шығар. Ол менің адал еңбегім. Сондықтан талап етуге құқылымын".

Ақбота Керімбекова Желіде тарап жүрген осы даулы видеоға қатысты пікір білдіре отырып, бұл видеоны түсірген әрі таратқан адамдарды іздеп, жазаға тартуға да уақытын қимайтынын айтты. Себебі, әнші қазір бос уақытын отбасына, қуанышты сәттердің қызығына бөлгісі келеді екен.

"Иә, жұрттың шулайтындайы бар, расында да мен теңімді тауып, тұрмысқа шықтым. Сіздерге бірінші рет айтып отырмын. Тойымыз әлі болған жоқ. Алдағы оразадан кейін, жақын адамдарымыздың ортасында атап өтуді жоспарлап жатырмыз", - деді әнші.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети