26 қазан 2017 09:19

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Айдарқұловпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар" арнасының кадры "Хабар" арнасының кадры

Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет "Хабар" арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасында КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет "Хабар" арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасында КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұлдызым жанатын кезде махаббатымды кездестірдім. Барлығы өнер саласындағы адамдармен жақындасудың қажеті жоқ екенін ескерткен еді. Бірақ өнер адамы болған соң мені де түсінетін, қорғай алатын адам жолықты деп ойладым. Тұрмысқа шығамын деп, көбісіне жаманатты болып қалған сияқтымын", - деп әңгімеледі ол Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы қалай басталғаны жайлы айта отырып.

Айтуынша, бұған ол өкінбейді, себебі ұлым бар дейді. "Бұл "Гламур для дур" фильміне түспесем балалы болмас па едім. Сәбилі болғалы өкініш болған жоқ", - деген ол Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі жайлы былай деді: "Бұрынғы жұбайы шамалы шатақ шығарып, бүкіл жерге болмаған нәрселерлі болды деп шығарып, арамызға да түсіп жатты. Ол кісі бастапқыда оған екінші әйел алуға көнген, бірақ кейін мені көрді де кесіп жіберді бәрін. Айтқан сөзінен тайып, енді арасында болады өкініштер, мүмкін басқаша болар ма еді, кейде, көбінесе қазір ұлыммен жұбанамын", - деп бар шындықты айтты Ақбота-Нұр Сейітмағамбет. 

Телебағдарламаға қоңырау шалып, жеке өмірді неліктен жария етесіз деген сұрақ қойған көрерменге ол бұған дейін ешқашан жеке өмірді жария қылуды, сол арқылы жарнама жасауды ойламағанын айтып, жауап берді. 

Ал жүргізуші Ләйла Сұлтанқызының "Дәуренмен қазір араласасыңдар ма?" деген сұрағына ол былай деп жауап берді: "Иә, араласамыз, баламыз бар ғой. Ол қалаған уақытында келіп, баласын көре алады. Мен басыма орамал жауып, келін болып түскенмін. Бөлек еншімізді алып шықтық. Бір-бірімізді түсіне алмай кеттік. Біраз уақыт бөлек тұрайық деп те ұйғардық. Келісіп отырып, екіге кеттік. Жұрттан жасырмаймыз, баламыз бар. Кез келген уақытта әкесі көмектеседі, ол өте балажан адам. Жұмысқа барсам да, тойға барсам да, балам өзіммен бірге жүреді. Әкесі алып кетеді, алып келеді. Кейде жанымдағы жеңгеме де, құрбыма да тастаймын, көмектесетін адамдарым бар. Жақында ғана апам зейнетке шыққан еді, сол кісі де көмектеседі", - деді ол. 

Әнші ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы да әңгімеледі. "Ата-енем үлкен кісілер, мені жақсы қабылдады. Өз қызындай қарады. Ақылдарын да айтты. Ажырасамыз дегенде таңғалды, біраз уақыт бөлек тұрып көріңдер деді. Ол кісілерге мін де айта алмаймын. Баламды өздерінің арғы жақтағы үш немересімен теңдей көреді. Ол кісілерге алғысым шексіз. Арамыз үзілген жоқ. Дәурен қазір ата-анасымен тұрады, қолда келін жоқ. Үміткері бар болар...", - деп қалды ол.

Әншінің айтуынша, Дәурен екеуінің мұсылманша некесі қиылған. Сондықтан баласы некемен туған. Алайда жұп заңды түрде тіркелмеген. 

Еске салайық, мұның алдында Ақбота-Нұр Сейітмағамбет шоуменмен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. "Сіздерге менің және бұрынғы күйеуімнің арасында не болып жатқаны қызық болды ма?! Мен ол адамды жіберуді ұйғардым және оған өкпем жоқ. Арамызда не болғанын сіздер білмейсіздер, оның не себепті бірінші отбасынан кеткенін, кейін не үшін екінші отбасын тастап кеткенін, ал енді үшіншісінен де не үшін кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер ол адамды тіпті білмейсіздер. Өз ар-ұяты білсін. Тіпті 10 әйелі болса да бақыт тілеймін", - деп ағынан жарылды әнші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети