ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2017 | 14:01
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов баласына мұсылманша есім қойды
"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен актер, шоумен Дәурен Айдарқұловтың баласына есім қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен актер, шоумен Дәурен Айдарқұловтың баласына есім қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram желісінде балаға қандай есім берілгенін айтты. "Аллаға Шүкір. 01.06.17 Ибраhим. Альхамдулиллях ата-ана атандық!", - деп сүйіншіледі ол.
Бұл есімнің қалай шыққаны және не білдіретіні жайлы Интернетте келесідей деректер бар: "Ибраһим" есімі ескі арамей тілінен бастау алады. Мағынасы - "Әбуль Жүмһур", яғни, "Халық әкесі" дегенге саяды. Ибраһим ныспының түпкі нұсқасы - "Ұлы әке", "Аса мәртебелі әке" деген мағынаны білдіретін "Абрам" есімінен шыққан деседі.
Кей деректерде айтылғандай "Ибраһим" атауының иврит тіліне қатысы жоқ (Иври́т (עִבְרִית) - еврей тілі). Өйткені Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) туылған жері - Ирак өңіріндегі ертеректе бой көрсеткен "Кууси" есімді көне қала-тын. Аталмыш қаланың қазіргі таңда қираған үйіндісі "Тәллү Ибраһим" деп аталады - "Ибраһим төбешігі" деген ұғымда.
Сондай-ақ, Ибраһим есімін күрді тілінен туындаған дейтіндер де бар. Ибраһим есімі күрді тілінен аударғанда "бауыр" және "жартас" дегенге саятын "бәр" мен "һәм" сөздерінің қосындысынан тұрады-мыс. Осыған қарағанда, Ибраһим атауы - "жартастың бауыры" деген ұғымды білдіріп тұр. Бәріне белгілі болғандай, Ибраһимнің әкесі тастан қашап пұт жасайтын болған. Ендеше, "Ибраһим" деп аталуының да түп төркіні сонда жатса керек дейді олар.
Еске сала кетейік, 1 маусымда Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ұл босанғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялаған еді. Оның Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжап отыр. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. © instagram.com/daurenaidarkulov
Ал былтыр желтоқсан айынан бастап Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткен еді.
Показать комментарии
Читайте также