Қазнетте "КешYou" тобының бұрынғы солисі мен отбасылы әртістің арасындағы байланыс талқыланып жатыр

07 Желтоқсан 2016, 09:48
0
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет © Instagram
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет © Instagram

Қазнетте "КешYou" тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбет пен танымал КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұловқа қатысты шу шығып жатыр. Бұған себеп - Дәурен Айдарқұловтың әйелінің "күйеуімді тартып алды" деп мәлімлеме жасауы. Бұл жайлы НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасындағы сюжетте айтылады.

Айта кетейік, әнші Ақбота жақында прокатқа шыққан "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған болатын. Осы картинаға 34 жастағы Айдарқұлов та түскен еді. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен.

Сондай-ақ, жақында Ақбота Сейтмағамбеттің тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткелі жатқаны белгілі болды. Бастапқыда қолданушылардың басым бөлігі Ақботаның сүйіп қосылайын деп отырған жары "Алау" тобының солисі Ержан Мұхатаев деп ойлаған еді.

Алайда Баян Әкімжанова, Дәурен Айдарқұловтың әйелі, Instagram желісіндегі парақшасында жас әнші қыздың оның отбасына қастық жасағанын айтып, қоғамнан бұл жағдайға бейжай қарамауын сұрады. Сонымен қатар, әртістің әйелі Желіге неке туралы куәлігін және олардың Дәуренмен, тіпті балаларымен бірге түскен суреттерін жүктеген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайда анасы мен балаларын қолдап отыр. Әрине, олар жас қыздың бұл қылығын құптамай, Дәурен Айдарқұловтан отбасына қайтып келуін сұрап жатыр. Бірақ, дегенмен де мұны жақсы PR-қадам деп санайтын қолданушылар да табылды. Әзірше әртістер бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай