Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова алқызыл тойын Мальдив аралдарында өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова алқызыл тойын Мальдив аралдарында өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Он жылдығымызды - Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз" деп, ылғи айтушы еді, Ақпатшам... Мен, Әумин - деп қоятынмын. Дегенмен де, уақыт өте келе мен бұл сөздерін ұмытып кетіппін. Бірақ, Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын сый жасап, #dhigalimaldives #dhigali де 10 жылдық тойымызды атап өттік. Бұл мен үшін керемет тосын сый болды, себебі әрбір нәзік жан үшін сүйіктісінің шын ниетімен, маxаббат сезімімен жасалып жатқан сыйлық, ерекше көңіл күй сыйлайды. Басқа бір ертегі әлемінде жүргендей, құдды жаңадан отау құрған жас жұбайлар секілді, бал айында жүрген тәріздіміз. Аллаға сансыз шүкір, бізге осындай мүмкіндікті берген Әкеміз бен Анамызға мың алғысымызды айтамыз!", - деп жазды ол.
© Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қайрат Нұртас та өз кезегінде Мальдив аралдарынан сурет жариялады. Суреттер әншінің Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды.
"10 жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін он жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. 10 жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. 10 жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қәзір сендерсіз өмір сүре алмаймын. Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің жаным. 10 жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма Аллаға шүкір. Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым. Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін. Мен сені сүйем, Джули! P.S. Маxаббаттарыңыз мәңгі, сәнді, бақытты болыңыздар!!! Жаратқаннан тілеңіз! Арманыңызға, өзіңізге сеніңіз!", - деп жазды Қайрат Нұртас.
© Instagram/kair_n
Еске салайық, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова 2017 жылы ғана жұрт алдына шыққан еді. Бұл туралы бірінші болып әншінің анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова сұхбатында жария еткен болатын. Әбдукәрімова Қайрат Нұртас түскен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымына келген.