"Ақшамды сыпырып алып кетті". Қайрат Нұртастың інісі Түркияда болған оқиға туралы айтып берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет zangaar Instagram-парақшасынан Сурет zangaar Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі әрі өзі AlZaBi тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында Түркияда қалай қомақты ақшасынан айырылып қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі әрі өзі AlZaBi тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында Түркияда қалай қомақты ақшасынан айырылып қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңғар "бал айына неге анаңызбен бірге бардыңыздар" деп сұраған оқырмандарына жауап беріп, анасы жаңа іс бастағалы жүргенін айтты.

"Бұл бал айы болған жоқ. Жақсы жаңалығымыз бар. Анам мен Жібек бірге бір керемет жұмыс бастағалы жатыр. Сол жұмыс сапарымен барып қайттық", - деді ол.

Ол оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді.

"Бұл әңгімеге күлкің де келеді, жылағың да келеді. Бірақ бәле-жала, тіл-көз осымен кетсін деп жатырмыз. Ыстамбұл қаласында Outlet center-де сағат қарап жатқан кезде бір алаяқтар келіп, әйелі мен күйеуі алдап, сиқыршы дей ме, ондайға бұрын сенбейтін едім, көзімді байлап, алдап, ақшамды сыпырып алып кетті. Көз алдымда басқа нәрсе болып жатты, камерада басқа нәрсе болыпты. Қалай ақшаны қолына бергенімді білмей қалдым", - деді әнші.

Сурет zangaar Instagram-парақшасынан

Әнші долларын көрсетем деп, алданғанын жеткізді.

"Ол кісі менімен 15 минут танысып, жақын арада Қазақстанға баратынын айтып, өзінің долларындағы печатьті көрсетіп, "Қазақстанға мені бұл ақшамен өткізе ме, сенің ақшаңда осындай печать бар ма" деп сұрап алды", - деді ол.

Ол алаяқтардың әрекетін кейін түсінген екен.

"Мына жерде ақшаның ортасына бір саусағын қойып, екіге бөліп, үстіңгі ақшаны резинкаға орап, оң қолымен менің назарымды жоғарыға аударып, сол қолымен астыңғы бөліктегі ақшаны қалтасына салып жіберді", - деді Заңғар Нұртас.

Сондай-ақ, ол оқырмандарына алданып қалмауға кеңес берді.

"Көп адамның басынан өтіпті бұл жағдай. Білмейтіндеріңіз біліп жүріңіздер, мен сияқты алданып қалмаңыздар", - деп түйіндеді әнші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro