04 қазан 2016 | 08:18

Ақтөбеде NINETY ONE тобының концертін ұйымдастырушыларға қысым көрсетілген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

NINETY ONE тобының постері. © КТК кадры NINETY ONE тобының постері. © КТК кадры

Ақтөбеде жергілікті өнерпаздар қарсы шыққан NINETY ONE тобының концерті ақыры болмай қалды. Бұған қыруар ақшаға билет алған жанкүйерлер өкпелі. Ал ұйымдастырушылар болса жігіттердің госторольдік сапарын тоқтатуға мәжбүр болғандарын айтады. Өйткені түрлі мекемелерден хабарласып, қысым көрсеткен, - деп хабарлайды КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жергілікті өнерпаздар қарсы шыққан NINETY ONE тобының концерті ақыры болмай қалды. Бұған қыруар ақшаға билет алған жанкүйерлер өкпелі. Ал ұйымдастырушылар болса жігіттердің госторольдік сапарын тоқтатуға мәжбүр болғандарын айтады. Өйткені түрлі мекемелерден хабарласып, қысым көрсеткен, - деп хабарлайды КТК.

Бұл кассаның алды таңнан бері босаған жоқ. Жұрт мұнда билет алуға емес, керсінше тапсыру үшін топырлап келіп жатыр. Өйткені, шашын бояп, сырға таққан сылқым жігіттердің Ақтөбеге келмейтіні концертке бір күн қалғанда белгілі болған. Ұйымдастырушылар қаладағы барлық залдар бас тартты деп отыр. Онымен қоса жан-жақтан хабарласып, қысым көрсеткендер көбейіпті.

"Концертті болдырмау үшін хабарласпаған адам қалмады. Алдын ала ақшасын төлеп қойған Спорт сарайы да, клубтар да бас тарты. Ұйымдастырушы ретінде топтың гонорарын, тұратын орындарына дейін ақшасын төлеп қойған едім", - дейді ұйымдастырушы Мира Әбуова. 

NINETY ONE тобының Ақтөбеге келуіне алдымен жергілікті ақын-жыршылар  мен асабалар қарсы болған еді. Олар әкімдіктен бастап, билік партиясына дейін шағымданған. Дегенмен, шенеуніктер топтың гостроліне еш қысым көрсетпедік деп ат-тоныны ала қашып отыр. Ал "Нұр Отандағылар" көрермендердің қауіпсіздігі үшін алаңдағандарын айтады.

"Ахуалдың ушықпағанын қолдаймыз. Мынау қаншама мыңға жуық адамды залға жинап қойып, бір ғана басбұзар шатақ шығарып жатса, бейбіт тұрғындар зардап шегетінін ескере отырып біз ұйымдастырушыларға мәселені бейбіт түрде шешілуін жан-жақты қарастыруын сұрадым", "Нұр Отан" ХДП АОФ бөлім меңгерушісі Ақылбек Сахиев.

Атышулы топ жанкүйерлерінің дені жасөспірімдер. Көптеген ата-ана баласының көңілі үшін бір ай бұрын билет алған екен.

"Мен  ауылдан келдім немеремді алып. Қарсы болмау керек. Қандай киіммен келсе де. Ол балалар, жас балалар. Мен қарсымын оны жібермегені үшін. Жіберсін. Бәрі көрсін", - деді Ақтөбе облысының тұрғыны Ханшайым Нұрдәулетова.

Қазір билеттер кері қайтарылып жатыр. NINETY ONE тобын ақтөбелік тыңдармандары енді олардың өнерін тек теледидардан, не ғаламтордан тамашаламақ. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети