"Иванушки International" тобының солисі Андрей Григорьев-Апполоновты таңғалдырған қонақүйдің иелері болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Диапазон". Басылымның мәліметінше, Андрей Григорьев-Апполонов тоқтаған қонақүй облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Сыдықовтың отбасына тиесілі.
"Иванушки International" тобының солисі Андрей Григорьев-Апполоновты таңғалдырған қонақүйдің иелері болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Диапазон". Басылымның мәліметінше, Андрей Григорьев-Апполонов тоқтаған қонақүй облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Сыдықовтың отбасына тиесілі.
Қонақүйді депутаттың әйелі Қалауша Садықова басқарады екен. Сондай-ақ, ол Ақтөбедегі қонақүй бизнесін рестораторлар мен жұмысшылар ассоциациясы басшысының орынбасары. Осылайша, журналистер "Иванушки International" тобының солисі тоқтаған қонақүйде болып қайтты. Олардың айтуынша, телевизор жұмыс істеп тұр, тоңазытқышта су болды, бірақ телефон сол күйі жұмыс істемей тұр. Сонымен қатар, қонақүйдің интерьерінің өте бай екені айтылады: дивандарында түрлі моншақтар мен әдемі люстралар.
"Біз жаңа жиһаз сатып алдық, жиһаздардың орнын ауыстырып тастадық. Сондықтан да айнаның алдында тұруы тиіс фенді орнына қоюды ұмытып кетіп, оны диванның үстінде қалдырып кетіппіз. Розетка жайлы айтатын болсақ. Ол жерде тоңазытқышқа жалғайтын жалғастырғыш тетік болды, бірақ келушілер оларды ұрлап кетіп жатады. Ал сол күні біз тоңазытқышты тек тоқка жалғамаған болатынбыз. Телевизор жұмыс істеп тұрды, оны тек спутник желісіне қосу керек еді. Телефон әлі сатып алмадық, себебі станцияға әлі ақша төлемедік. Сондықтан телефондар бізде желіге қосылмаған. Бірақ біз клиенттерімізге ұялы телефондарды береміз. Қонақүйіміздің жұмыс істеп жатқанына шамамен бір жыл ғана болды. Қайта әншінің ескертуіне қуанып отырмыз. Мен сынды дұрыс қабылдаймын", - деді Қалауша Садықова.
Еске сала кетейік, осыған дейін "Иванушки International" тобыының солисі Андрей Григорьев-Апполонов Ақтөбедегі қонақүйлердің бірінің дизайнына қатты таңданыс білдірген еді. Ол қонақүйдің нөмірі түсірілген видеоны өзінің Instagram желісінде жариялаған болатын.
"Бұл қонақүйдің дизайны "жататын фенмен" мақтана алады. Ханымдар мен мырзалар, тамашалаңыздар. "Иванушкамимен" гастрольге қош келдіңіздер", - деп жазған еді Андрей Григорьев-Апполонов.