Алагөзовтің қызы мәлімдеме жасады. Оның бұқаралық ақпарат құралдарына жазған хатын Tengrinews.kz толықтай келтіреді.
Алагөзовтің қызы мәлімдеме жасады. Оның бұқаралық ақпарат құралдарына жазған хатын Tengrinews.kz толықтай келтіреді.
"Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде біреулердің ұйымдастыруымен менің өміріме және отбасыма шамадан тыс әрі жайсыз қызығушылық танытып отыр. Назар аударуларыңызды сұраймын, 2017 жылдың 2 ақпанында "Нұр" ақпарат порталында "Болашақ апалы-сіңлілер Әмина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек қандай тұрмыс кешіп жатыр" деген тақырыппен мақала шықты. Бұл мақалада жалған мәлімет бар, себебі Тұрсынғали Алагөзов пен Ляйсира Алагөзова бүгінде (2017 жылдың 8 ақпаны) некеде ме, жоқ па - тексерілмеген.
Қызметтеріңізде Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңына сәйкес, шындыққа жанаспайтын мәліметті таратпауларыңызды, жеке тұлғалардың заңды мүддесін құрметтеулеріңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады. Мен, Алагөзова Әмина, Сіздерден өз ісінің маманы ретінде менің құндылықтарым - отбасыма, ата-анама, атыма, арым мен абыройыма сөз жүзінде емес, іс жүзінде лайықты түрде құрметпен қарауларыңызды сұраймын".
Әмина Алагөзованың мәлімдемесінің скриншоты
Ал осыған дейін Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің үйленетіні белгілі болған еді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында олар үйлену тойының көктемде болатынын мәлімдеген. Сондай-ақ, Алагөзов ажырасу үстінде екенін де айтқан. Сол кезде Баян Есентаева Алагөзова болғысы келетінін де мәлімдеген еді.