"Алдаспан" тобына жаңа электродомбырашы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алдаспан" тобына жаңа электродомбырашы келді ©Николай Колесников

"Алдаспан" этно-рок тобына жаңа электродомбырашы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алдаспан" этно-рок тобына жаңа электродомбырашы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақсылық Дулат есімді музыкант 1994 жылы Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясың бірінші курс студенті домбырадан бөлек гитара аспабын жетік меңгерген. 

Топ продюсері Нұржан Тойшының айтуынша, Дулат топпен бірге алдағы The Spirit of Tengri фестиваліне қызу дайындалып жатыр. "Маусым айында өтетін фестивальде жоғары дәрежеде өнер көрсетуге тырысып жатырмыз. Орыс тілінде әнжинақ жазылып жатыр, жылдың аяғына дейін өздеріңізге ұсынатын боламыз", - деді ол.

"Алдаспан" - рок жанрын домбыра үнімен жеткізуді мақсат еткен этникалық топ. Топ құрылған 4 жыл ішінде олар "Atilla", "Елге қайт", "Ұлы көш", "Төкпе Light" жинақтарын шығарып үлгерді. 2011 жылы шыққан "Жол" әні көпшіліктің жүрегін жаулады. Топтың қоржынында 50-ге жуық туынды бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети