Александр Цекало алматылық қызға үйленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Instagram © Instagram

Ресейдің танымал продюсері, шоумен және тележүргізуші Александр Цекало ресми түрде модель қызбен қарым-қатынасын заңдастырды. Ол қазақстандық актриса және суретші Дарина Эрвинмен некелесті, - деп хабарлайды "СтарХит".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің танымал продюсері, шоумен және тележүргізуші Александр Цекало ресми түрде модель қызбен қарым-қатынасын заңдастырды. Ол қазақстандық актриса және суретші Дарина Эрвинмен некелесті, - деп хабарлайды "СтарХит".

"Тойлауды олар мамыр айына жоспарлап жатыр. Сол кезде салтанатты той өткізбекші. Бастапқыда Дарина өзінің  Эрвин тегін өзгерткісі келмеген, бірақ ақырында ол Цекалоға ауыстырған", - деді жұптың таныстары.

"Цекало қазіргі уақытта екі елде өмір сүреді - Америка және Ресей. Жақында Лос-Анджелестегі Диснейленд саябағына барған. Даринаны алдағы уақытта тағы бір маңызды оқиға күтіп тұр. Бір айдан кейін Берлинда оның жұмыстарының көрмесі өтеді", - деді қалыңдықтың құрбылары.

Басылым мәліметінше, Даринаның әкесі кәсіпкер Бақыт Сапаров бұл некеге қарсы болған.

"Бұл оның өз таңдауы. Бірақ мен елудемін, ал Цекало 57-де. Бұл жас айырмашылығындағы некелесуге өз басым сенбеймін. Біздің жаста әйелдердің сұлулығы емес, оның ақылы бағаланады. Ең бастысы Цекало әйелі мен балаларын жас қызға бола тастады. Бұл менің қызым болса да, айтып тұрмын", - деді Даринаның әкесі.

Бұл Александр Цекалоның төртінші некесі. Жақында ол Вера Брежневаның әпкесі Виктория Галушкамен ажырасқан. Екеуі он жыл бірге тұрған. Осыған дейін Цекало Алена Шиферман және Лолита Милявскоймен үйленіп ажырасқан.    

Ресейлік БАҚ мәліметінше Дарина Эрвин (шын тегі Сапарова) 1991 жылы (басқа мәлімет бойынша 1981 жылы) Алматыда туған. Кезінде жасөспірім анасы және өгей әкесі заңгер Асқар Мұхитдиновпен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.  

АҚШ-та Дарина қаржыгер мамандығына оқыған. Бірақ ол өзін актриса ретінде көрген. Бір уақыттары ол Лос-Анджелестегі театрдың бірінде жұмыс істеген. Бірнеше фильмнің эпизодтарына түскен. 2017 жылы басты рөлді Шэрон Стоун сомдаған "Кое-что на день рождения" фильмінде түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.67  course up  587.02  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro