"Әлем аруы" байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлем аруы" байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды видеодан үзінді

"Әлем аруы-2017" байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлем аруы-2017" байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды.

24 жастағы Цэвээндашийн Энхжин видеода көшпенді өмір, салт-дәстүр, моңғолдардың тұрмыс-тіршілігі және моңғолиялық табиғаттың сұлулығы жайлы айтады. Қазірдің өзінде видео 75 мың рет қаралған. Салыстырмалы түрде - басқа қыздардың видеосы он мыңнан аспаған.  

Энхжиннің кәсібі - дизайнер. Ол Кембридж университетінің өнер тарихы факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта қыз бала Eden Design компаниясының басшысы. 

Еске салайық, "Әлем аруы-2017" байқауы 18 өарашада қытайлық Санья қаласында өтеді. Қазақстаннан бұл байқауға "Қазақстан аруы-2016" байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімхан қатысады. Ол медициналық колледжде "медбике" мамандығын тәмамдады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети