Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Әлем аруы-2014" байқауына Қазақстанның атынан қатысушы анықталды

27 Қазан 2014, 15:31
0
"Қазақстан аруы-2013" байқауы. ©Айжан Түгелбаева
"Қазақстан аруы-2013" байқауы. ©Айжан Түгелбаева

"Казақстан аруы-2014" Айдай Исаева ең беделді сұлулық байқауы - "Әлем аруы-2014" байқауында Қазақстан намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдай Исаева ресми түрде конкурсқа тіркелді, енді ол - "Әлем аруы" қатысушысы. Бұған дейін жергілікті ұйымдастырушылар халықаралық байқаудың өтетін уақыты белгісіз болғандықтан, республиканың атынан кімнің шығатынын ресми түрде хабарлай алмаған еді. "Әлем аруы-2014" байқауы Майамиде (АҚШ) 25 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, 25 жастағы Айдай Исаева - Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі, қазір ол ауруханада отбасы дәрігері болып жұмыс істейді. Айдай байқауға белсенді түрде дайындалып жатқанын, жаттығу залына барып, шет тілін меңгеріп жүргенін айтты. Әзірше Айдай конкурсқа қандай киім киіп шығатынын нақтыламады, бірақ ол отандық дизайнер Наиль Байкүшіковтың кешкі көйлегін киіп шыққысы келетінін жеткізді.

"Әлем аруы-2014" конкурсының финалына екі апта қалғанда Майамиде 126 елдің қыздары жиналады. Онда олар дайындалып, қайырымдылық жұмыстармен айналысады. Сонымен бірге, бұл кезде ұлттық киім байқауы өтеді. Ғаламшардың ең сұлу қызы 25 қаңтарда ақтық сында белгілі болады. Конкурс барысы 200 елде тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпазға тәжді Венесуэла аруы Габриэла Ислер кигізеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай