"Әлем аруы-2017" байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды.
"Әлем аруы-2017" байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды.
24 жастағы Цэвээндашийн Энхжин видеода көшпенді өмір, салт-дәстүр, моңғолдардың тұрмыс-тіршілігі және моңғолиялық табиғаттың сұлулығы жайлы айтады. Қазірдің өзінде видео 75 мың рет қаралған. Салыстырмалы түрде - басқа қыздардың видеосы он мыңнан аспаған.
Энхжиннің кәсібі - дизайнер. Ол Кембридж университетінің өнер тарихы факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта қыз бала Eden Design компаниясының басшысы.
Еске салайық, "Әлем аруы-2017" байқауы 18 өарашада қытайлық Санья қаласында өтеді. Қазақстаннан бұл байқауға "Қазақстан аруы-2016" байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімхан қатысады. Ол медициналық колледжде "медбике" мамандығын тәмамдады.