"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталовамен биыл мамырда үйленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталовамен биыл мамырда үйленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қарапайым қыз, шоу-бизнеске қатысы жоқ, әнші емес. Тойды Оразаға дейін, мамырдың соңында өткізгіміз келеді", - деп хабарлады Шоқан Маратұлы.
Ол болашақ жарының Райымбек Баталовтың қызы Анель екенін растады. Әнші тойдың қалай өтетінін әзірше айта алмады: "Ұйымдастырып жатырмыз, сондықтан айта алмаймын", - деді Маратұлы.
Шоқан Маратұлы Анель Баталоваға 7 сәуірде кинотеатрда ұсыныс жасаған болатын.
Анель Баталова. Фото: Anelya Batalova/Facebook
Жұп 2016 жылдың қарашасында көңіл қосқан. Айта кетейік, Шоқан Маратұлының шын есімі Шухрат Умаров.
Райымбек Баталов - бизнесмен,"Алматы зообағына әлеуметтік көмек" қорының басшысы, Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді 50 бизнесменінің қатарына кіреді.