Сурет Heat.ru сайтынан алынды
Алла Пугачева басшылығымен Future Star балалар мектебі ән патшайымынан дәріс алғысы келетін оқушыларды іріктеп жатыр деп хабарлайды Heat.ru порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 64 жастағы әнші кастинг жүргізуді өз қолына алған. Ол әр үміткермен жекелей танысып, жүзбе-жүз сынақ өткізеді. Еске сала кетелік, Пугачева мектебіне іліну оңай шаруа емес: ол кісінің тыңдалымына бір ай бұрын жазылып қою керек. Сондай-ақ бүгіндері Алла мектебінен дәріс алғысы келетіндер үшін қосымша тың жаңалық бар. Баласы Пугачеваның шәкірті болғанын қалайтын ата-аналар ол үшін 10 мың евро көлемінде міндетті жарна төлеуі керек. Бұл бастапқы сомадан тыс ән патшайымынан сабақ алатындар ай сайын 75 мың рубль қосымша шығын шығарады. Пугачеваның жеке қабылдауындағы залға балалардың өзі және оларды жетектеп келушілер ғана кіргізіледі. Ән мектебі ғимараты кіре берісінде міндетті түрде құжаттар тексеріледі. Алла Пугачеваның алдына жеткенше балалар осы мектептің бірнеше мұғалімінің сынағынан өтеді. Олар баланың әншілік дағдысы мен дауысын байқап көреді. Осылайша алдын ала тыңдалымнан өткен балалар әнші патшайымы алдына келеді. Пугачева балаларға ыждаһаттылық танытып, өз бағасында объективті болуға тырысады деп жазады портал. Пугачева - талантты балалардан шоу-бизнестің "жұлдызын" жасауға ұмтылушы бірден-бір тұлға емес. Ресейде алғаш рет Яна Рудковская "STARS балалар академиясын" ашқан болатын. Бұл мектептің түлектері телешоуларда ересектермен бір деңгейде ән шырқап, жарнамаларға және музыкалық клиптерге түсіп жатады, кейбірі сән көрсетілімінен де бой көрсетіп қалады.
Алла Пугачева басшылығымен Future Star балалар мектебі ән патшайымынан дәріс алғысы келетін оқушыларды іріктеп жатыр деп хабарлайды Heat.ru порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 64 жастағы әнші кастинг жүргізуді өз қолына алған. Ол әр үміткермен жекелей танысып, жүзбе-жүз сынақ өткізеді. Еске сала кетелік, Пугачева мектебіне іліну оңай шаруа емес: ол кісінің тыңдалымына бір ай бұрын жазылып қою керек. Сондай-ақ бүгіндері Алла мектебінен дәріс алғысы келетіндер үшін қосымша тың жаңалық бар.
Баласы Пугачеваның шәкірті болғанын қалайтын ата-аналар ол үшін 10 мың евро көлемінде міндетті жарна төлеуі керек. Бұл бастапқы сомадан тыс ән патшайымынан сабақ алатындар ай сайын 75 мың рубль қосымша шығын шығарады. Пугачеваның жеке қабылдауындағы залға балалардың өзі және оларды жетектеп келушілер ғана кіргізіледі. Ән мектебі ғимараты кіре берісінде міндетті түрде құжаттар тексеріледі. Алла Пугачеваның алдына жеткенше балалар осы мектептің бірнеше мұғалімінің сынағынан өтеді. Олар баланың әншілік дағдысы мен дауысын байқап көреді.
Осылайша алдын ала тыңдалымнан өткен балалар әнші патшайымы алдына келеді. Пугачева балаларға ыждаһаттылық танытып, өз бағасында объективті болуға тырысады деп жазады портал.
Пугачева - талантты балалардан шоу-бизнестің "жұлдызын" жасауға ұмтылушы бірден-бір тұлға емес. Ресейде алғаш рет Яна Рудковская "STARS балалар академиясын" ашқан болатын. Бұл мектептің түлектері телешоуларда ересектермен бір деңгейде ән шырқап, жарнамаларға және музыкалық клиптерге түсіп жатады, кейбірі сән көрсетілімінен де бой көрсетіп қалады.