"Алматы ару - 2014" байқауының бас жүлдесін 22 жастағы Регина Вандышева жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы ару - 2014" байқауының бас жүлдесін 22 жастағы Регина Вандышева жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Одан бөлек байқау жеңімпазы "Алматы аруы" аясында бірінші рет ұйымдастырылған аспаздық байқаудың да жеңімпазы атанды. Регина Вандышева спорт шебері, сондай-ақ ол жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігінің жүлдегері. Айта кетейік, көптеген жанкүйерлер Регинаның ресейлік әнші Вера Брежневаға ұқсайтынын ерекше атап өтті. "Алматы аруы" тәжін оған салтанатты түрде бұл байқауды 2013 жылы жеңіп алған Айгерім Қожахан табыс етті.
2014 жылғы "Алматы аруы" байқауының "І вице аруы" атағын Гулмира Әбелдинова, "ІІ вице аруы" атағын Айсалқын Қыдырбек, "ІІІ вице аруы" атағын Лаура Әбдіраманова жеңіп алды. Енді алғашқы төрт орынның иегерлері 28 қараша күні Алматыда өтетін "Қазақстан аруы" байқауында Алматының намысын қорғайды.
Айта кетейік, 2014 жылғы "Алматы аруы" байқауының қазылар алқасы қатарында актер Максим Акбаров, әнші Луина, скрипкашы Жәмила Серкебаева, Совет Сейітов, Айнұр Рысбекова болды.