Алматылық 10 жастағы қыз украиналық шоудың әділқазыларын таңдай қақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 10 жастағы қыз украиналық шоудың әділқазыларын таңдай қақтырды © instagram.com/tuleshova_daneliya

Он жастағы алматылық қыз "Голос. Дети" шоуының барлық қазыларын өзіне қаратты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЮНА продюерлік орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Он жастағы алматылық қыз "Голос. Дети" шоуының барлық қазыларын өзіне қаратты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЮНА продюерлік орталығына сілтеме жасап. 

Данэлия Төлешова Украинадағы байқауға қатысты. Жобаның төртінші кезеңінде Монатик, "Времия и Стекло" тобы және Наталья Могилевская әділ қазы болды. Бірнеше кастингтен өткен Данэлия қазылардың көз салмай, дауысын тыңдау арқылы ғана таңдайтын кезеңінде Дэми Ловато "Stone Cold" әнін орындаған. Қыз ән сала бастаған сәттен-ақ барлық қазылар қызға бұрылған. Ал жиналған көреремендер шулап қоя берді.

Қазылардың бірі Наталья Могилевская Данэлияның орындауын бұл байқаудың тарихындағы ең үздік деп атап өтті. 

"Ғажайып дауыс, керемет. Бұл видео әлем бойынша сан рет қаралатын болады. Жүз пайызға сенімдімін. Сен қай командаға барсаң да, осы байқауға келуіңнің өзі бізге абырой", - деп атап өтті қазылар. 

"Сіздің Монатиктің командасына түсем деген арманыңыз болса екен деп өзім арман-қиялға беріліп оырмын. Сіз олай армандасаңыз мен үшін үлкен бақыт болар еді", - дейді Данэлия Төлешоваға Монатиктің өзі. 

Көп ойланбастан Данэлия байқауды дәл осы әншінің командасының құрамында жалғастыруға шешім қабылдады. 

сурет СЮНА продюсерлік орталығының баспасөз қызметінен

Данэлия Төлешова үлкен байқауға алғаш рет қатысып отырған жоқ. 2015 жылы ол "Аялаған Астана" ұлттық байқауының іріктеу турын жеңіп, "Детская Новая Волна" халықаралық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол кезде Данэлия көрермендер сүйіспеншілігіне бөленіп, аталмыш жүлдеге ие болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети