Алматылық қыз "Comedy Баттл" жобасының іріктеу кезеңінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық қыз "Comedy Баттл" жобасының іріктеу кезеңінен өтті "Comedy Баттл" бағдарламасының кадры

Алматы тұрғыны Вероника Ким ТНТ телеарнасындағы "Comedy Баттл" жобасының іріктеу кезеңінен өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны Вероника Ким ТНТ телеарнасындағы "Comedy Баттл" жобасының іріктеу кезеңінен өтті.

21 жастағы қыз екі минуттан аса уақыт өнер көрсетті. Осы уақыттың ішінде ол өз өмірі жайлы, отбасы, басынан өткен түрлі жағдайлар мен ұлтшылдық және қаңғыбастар туралы айтып үлгерді. Жас қыздың қалжыңдарының барлығы көрермендердің көңілінен шықты, алайда әділ қазылар алқасы қалжыңдарды "онша күлкілі емес" деп бағалады.

Дегенмен, Семен Слепаков, Юлия Ахмедова мен Сергей Светлаков қызға бір мүмкіндік беріп, келесі шығарылымдарда өнер көрсетуіне жол ашты. Сахна сыртында Вероника Ким сәтсіз өнер көрсетуін тәжірибесінің жоқтығымен ақтап алғысы келді. Ол бұдан былай көп жұмыс істеп, жобаның екінші кезеңінде қазылар алқасының көңілінен шығуға тырысатынын айтты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети