Алуа Қонарова Ayumi герлз-бэндін таратып жіберді

27 Қазан 2017, 13:41
0
Алуа Қонарова Ayumi герлз-бэндін таратып жіберді - © instagram.com
© instagram.com

Қазақстан продюсер Алуа Қонарова Ayumi тобының таратылатын жайлы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.  

"Міне қолдағы картаны ашатын да кез келді. Мен таратқалы жатқан команда - Ayumi тобы", - деп жазды Қонарова.

Алайда осы топтың барлық мүшесі RingoWorld продюсерлік орталықта қала береді. 

"Таратудың себептері жақсы және қыздардың барлығы RingoWorld продюсерлік орталықта қала береді. Біреуі жеке орындаушы болса, ал біреулері өзін жаңа стильде байқап көреді мүмкін жоғары бір жетістіктерге жетуі немесе тұрмысқа шығуы мүмкін. Сол себепті де табынушыларды қыздар үшін алаңдамауын сұраймын. Қыздар болашақта концерттік бағдарламаны әзірлейді және #ЖылТандауы Ұлттық премиясында өнер көрсетеді", - деді продюсер. 

Ayumi герлз-бэнді 2011 жылы құрылды. Басында үш қыз болды: Ақназ, Әсел және Айдана. 2017 жылы Айдана топтан кетті. Бір уақытта қыздар дует болып өнер көрсетті. Таяуда топқа Сандуғаш және Назым есімді қыздар қосылды. 

Продюсерлік орталыққа Rin'Go және Renzo бойз-бэндтері кіреді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай