ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2021 | 17:24
"Анамның айтқанымен келіспеймін" - Әли Оқапов
Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқапов пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. (...) Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Бұл жанжалға менің не қатысым бар? Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес.
(...) Негізі менің түк қатысым жоқ. Жалпы осындай жайт болғаны өкінішті. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Мен анама келіп, оның айтқаны қате екенін айттым. Неліктен? Себебі, біріншіден, анам айтқан музыкалық сауаттылыққа байланысты айтар болсақ, меніңше, "Грэммиде" үміткерде музыкалық білімі бар ма, жоқ па бәрібір секілді. Кез келген сәтте, бұған дейін де дарынның болуы маңызды. "Грэммиді" тек дарының болса аласың. Диплом не бэкграундтың түкке қажеті жоқ. Иманбектің жағдайында да ол факт", - деді Әли Instagram желісіндегі парақшасында.
Әли анасының "сәттілікке" қатысты айтқан сөзі туралы ойын айтты.
"Сәттілікке қатысты, кез келген адамның өмірінде сәттілік үлкен роль атқарады. Иманбектің жағдайында да сол. Айтпақшы, бұл туралы өзі де айтқан болатын. Ол бір сұхбатында бастапқыда жай ремикс жасап, оны "ВКонтакте" желісіне жүктеп, бірнеше уақыттан кейін бір паблик оны көріп, сосын тарай бастағанын айтқан. Яғни ол паблик ремиксті байқамағанда не болар еді? Одан бөлек Желіде өз тыңдарманын таба алмай жүрген қаншама мықты ремикс бар? Сондықтан бұл жерде сәттілік факті де бар. Ол керемет қой. Жалпы айтқанда Иманбектің бағы бар. Одан бөлек, Roses ремиксі "Грэммисіз" де әлемдік хитке айналды деп есептеймін", - дейді Әли.
Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева мұндай мәлімдемені бүкіл ел алдында жасағаны дұрыс болмағанын айтты.
"Бірақ ол да өз пікірін айтуға құқығы бар. Сіздер де өз пікіріңізді айтуға құқығыңыз бар және 60-тан асқан әйелдің заманауи клуб музыкасын түсінбеуі қалыпты жағдай. Үнемі солай болатын. Біздің ата-анамыз да "Не тыңдап отырсың? Бұл не? Бұл музыка емес қой" деп те айтатын. Біз де бір кезде жаңа толқынды түсінбейтін кезге жетеміз. Шыны керек, қазірдің өзінде жаңа музыка әуендерін түсінбей жатамын. Бірақ ол қалыпты жағдай. Ол өмір ғой. Олар оны түсінбегені үшін кінәлі емес. Себебі олардың кезінде бәрі басқаша болатын. Олар өткен кезеңнің адамдары. Олар басқаша тәрбиеленген, оларға бәрі басқаша түсіндірілген, олардағы стандарт басқаша болатын, кумирі басқа болатын", - деді әнші.
Еске салайық, жақында әнші Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген болатын. Сұхбат барысында ол Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол "сәттілік" қана деп атаған еді.
"Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты", - деген еді Рымбаева.
Артынша Imanbek Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берген еді.
"Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім", - деді Imanbek.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также