05 шілде 2021 23:34

"Дауласпаймын" - Imanbek Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек Зейкенов Иманбек Зейкенов

Imanbek лақапатымен танылған, "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған тұңғыш қазақстандық Иманбек Зейкенов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Imanbek лақапатымен танылған, "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған тұңғыш қазақстандық Иманбек Зейкенов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-дағы effectiverecords тікелей эфирінде жүргізуші Иманбектен халық әртісінің пікірі туралы не ойлайтынын сұраған.

"Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім", - деді Imanbek.

Айта кетейік, Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында Зейкеновтің жетістігі "сәттілік" қана деп атаған еді. 

"Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты", - деген еді Рымбаева.

Айта кетейік, Иманбек Зейкенов 2000 жылы 21 қазанда Павлодар облысы Ақсуда дүниеге келген. Оның арнайы музыкалық білімі жоқ, тек сегіз жасында әкесі гитара ойнауды үйреткенін айтады. 9-сыныптан кейін Иманбек Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне оқуға түскен. 2017 жылдан бері музыкамен айналысатын ол теміржол қызметін де тастамаған. Оқумен қатар ол Ақсудағы теміржол станциясында жұмыс істеген. Бос уақытында түрлі музыкаға ремикс жасаумен айналысқан. Музыка тілі бойынша арнайы оқуы жоқ, бәрін YouTube хостингіндегі видеолардан үйренген.

Ал 2019 жылы Иманбек әнші SAINt JHN-нің Roses атты әнін естіген. Ол кезде шыққанына үш жыл болған бұл әнді көбі біле бермейтін.

"Тректің өзінде дыбыстың кейбір сиқыры жасырынғандай, ол дауыстың темпі мен тембрін біріктіретін ерекше формула сияқты", - деді Иманбек The Variety басылымына берген сұхбатында. Осылайша, сол кезде Иманбекті әлемге танытқан, "Грэмми" жүлдесіне жеткізген Roses ремиксі дүниеге келген. Ол ремиксті бүкіл дүние жүзі тыңдайтынына күмәнмен қарап, тек "ВКонтакте" желісінде жариялаған. Артынша үлкен парақшалар осы ремиксті қолдана бастаған.

Көлігі - Lada Priora, Билли Айлиштен озған. Сіз кімсіз, Imanbek?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети