Анджелина Джоли Брэд Питтен ай сайын 100 мың доллар төлеуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли Брэд Питтен ай сайын 100 мың доллар төлеуді талап етті © Getty Images

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтен ай сайын алимент ретінде балаларға 100 мың доллар көлемінде ақша төлеуді талап етті, - деп жазады In Touch басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтен ай сайын алимент ретінде балаларға 100 мың доллар көлемінде ақша төлеуді талап етті, - деп жазады In Touch басылымы.

Актрисаның айтуынша, бұл қаражат алты баласының қажеттілігіне жетеді. Осылайша, жылына 1,2 миллион доллар алған жағдайда, актриса сол ақшаның 250 мыңын 15 жастағы Мэддокстың, 13 жастағы Пакстың, 10 жастағы Шайлоның және 8 жастағы Вивьенн мен Нокстің болашағы үшін бөлінетінін айтқан.

Ал Брэд Питт өз кезегінде балаларды қаржы жағынан қамтамасыз етуге дайын екенін, бірақ ақшаны бұрынғы әйелінің жеке шығындарына емес, керісінше қаражатты сенім қоры арқылы жібергісі келетінін айтты.

Басылымның мәліметінше, 53 жастағы актердің мүлігі шамамен 240 миллион долларға бағаланса, 41 жастағы Джолидің мүлігі 160 миллионға бағаланып отыр. Сондай-ақ, актрисаның балаларға өзі ғана қамқоршылық көрсеткісі келетіні айтылады. Бірақ Питт балаларға екеуі де бірдей қамқоршы болуын қалайды екен. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасу туралы арыз берген болатын. Оның айтуынша, Брэд баласымен ұшақ ішінде дөрекі сөйлескен. Отбасы өздерінің үш баласын және асыранды үш баланы тәрбиелеп келген. Олардың жасы 8-15 аралығында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети