Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты © Фото: Mario Anzuoni / Reuters

Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты, - деп хабарлайды lenta.ru The Blast порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты, - деп хабарлайды lenta.ru The Blast порталына сілтеме жасап. 

Сот ажырасу туралы келісім күшіне енбегеніне қарамастан, оларды айырылысты деп жариялаған. Джоли мен Питт дүние-мүлікті бөлісу және алты баланы қамқорлыққа алу мәселелерін шешіп алуы қажет. 

Басылымның хабарлауынша, әртістер келісімшарт күшіне енбестен бұрын ажырасу процесін аяқтауды жөн санаған. Себебі ажырасу ұзаққа созылғаны оларды шаршатқандығын айтқан, оған қоса екеуі де демалуды жөн санаған.

12 сәуірде The Sun дереккөздері Джолидің әдейі ажырасу барысын созып жатқандығын мәлімдеді. Ол Питтпен ажырасқысы келмейтін секілді. Қаңтарда Питті әртіс Шарлиз Теронмен жақын қатынаста жүр деген күдікке ілінген. Бірақ, кейін олардың таныстары бұл қауесеттің жалған екенін айтқан. Себебі олар жақсы дос.

Джоли мен Питт 2014 жылдың тамызында отбасы құрған. Ал 2016 жылдың қыркүйегінде Джоли ажырасуға ұсыныс жасаған. Оның себебі Питтің балаларға қарау әдісі оған ұнамаған деп хабарланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети