Ресейлік белгілі актриса Анна Семенович қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасовамен неге суретке түспегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейлік белгілі актриса Анна Семенович қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасовамен неге суретке түспегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семеновичтің жағдайды түсіндірген видеосын Instagram желісінде Мәдина Сәдуақасова жариялады. Онда ресейлік әнші Астанада жүргенде қатты тоңғанын, сондықтан әлсіреп, тезірек ішке кіруге асыққанын айтады.
"Құрметті достар, Қазақстанда мен туралы, менің әрекетім туралы шу шығып жатыр екен. Мен бастысы Қазақстанға ешбір жаман ойсыз, ашық жүрегіммен бардым. Сол күні құрбым Мәдинамен бірге онкологиялық дертке шалдыққан балалардың ауруханасына барып-қайттық. Ал кейін салтанатты шара кезінде қалада күн суық болып, мен қатты тоңдым да, киім ауыстыру бөлмесіне асықтым. Сондықтан құрбыммен суретке түсе алмадым", - деп түсіндірді ол жағдайды.
Еске салайық, Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова журналистердің көз алдында ыңғайсыз жағдайға тап болған еді.
Концерттердің бірінде әнші ресейлік әнші Анна Семеновичті көріп қалып, құшақтағысы келген. Алайда ресейлік әлсіреп тұрмын деп, өтіп кеткен. Кейін Сәдуақасова бұл жағдайға қатысты былай деп пікір білдірген: "Таяуда ғана онкологиялық ауруханада Анямен бірге болған едік. Осы кезде ол маған суретке түсуді ұсынды, сонда киімім нашар онша емес еді, сондықтан суретке кейін түсейік дедім. Сондықтан, Аня маған өкпелеп қалған сияқты".