"Қапқарашка" деген атпен танымал болған қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев үйлену тойын жасады. Бұл туралы "Жұлдыздар әлемі" порталы хабарлады.
"Қапқарашка" деген атпен танымал болған қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев үйлену тойын жасады. Бұл туралы "Жұлдыздар әлемі" порталы хабарлады.
Үйлену тойы 26 наурызда Жезқазған қаласында - орындаушының туған жерінде өтті. Басылымның хабарлауынша, оның қалыңдығының есімі - Назерке, ол Тараздың тумасы. Нұржан мен Назеркенің жас айырмасы алты жыл.
Тойға оның өнердегі әріптестері Бейбіт Қорған, Ернар Айдар, Ақылбек Жеменей және тағы басқа жұлдыздар қонақ болды.
"Ендеше бойдақтық өмірмен қош айтысқан Керменбаевқа баянды махаббат тілейміз!", - деп жазады басылым.
Нұржан Керменбаев пен Назерке. ©instagram.com/juldyzdar_alemi
Нұржан өзінің өмірлік серігін тапқанын осы жылдың қаңтар айында "Той бест стар" бағдарламасында хабарлаған болатын. Керменбаевтың айтуынша, оның болашақ жары қазақтың салт-дәстүрін біліп өскен қыз. Ол қалыңдығын Тараз қаласында өткен концертінде кездестіріп қалған, қыз әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдарманы болып шықты. Бұдан кейін бойжеткен "Қапқарашкамен" кездесіп, оның туған күніне сыйлық жасаған. Әнші Instagram желісіндегі өз суреттерін бұл қыздың белсенді түрде талқылайтынын байқап қалған. Керменбаев болашақ жарын Алматы қаласына шақырып, анасымен таныстырды. Қалыңдық Нұржаннан алты жас кіші, бар болғаны 19 жаста. Сол кезде жастардың тойының көктемге жоспарланғаны жазылған болатын.
Нұржан Керменбаев 1989 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысының Жезді ауылында туған. 2006 жылы ол Superstar.kz-3 телевизиялық шоуына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдаған. Сол жылы әнші Қазақстанды Юрмаладағы "Новая волна" атты жас орындаушылардың халықаралық байқауында таныстырып, 14-орын алды.