Әнші Ақылбек Жеменей ауруханаға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Ақылбек Жеменей ауруханаға түсіп қалды © instagram.com/zhemeney

"Қызыл өрік" хитінің орындаушысы Ақылбек Жеменей аяғын сындырып, ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қызыл өрік" хитінің орындаушысы Ақылбек Жеменей аяғын сындырып, ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында төсек тартып жатқан суретін жариялап, "Аяқты абайлайық жігіттер!" деп жазба қалдырды.

Орындаушының өкілі оның екі күн бұрын көліктен түсіп жатқанында аяғын сәтсіз басып, тобығы тайып кеткенін айтты. "Тайып кеткен, тобығы және тобығынан жоғары. Дәрігерлер бір аптасыз тұра алмайды деп жатыр. Оқиға болған күні шұғыл Ақтаудан Алматыға жеттік. Сосын ота жасатты. Жасатқанына екі күн болды. 10-15 күнде бітіп кетеді деп ойлаймыз", - деп пікір білдірді әртістің әкімшісі.

Бұл жағдайға байланысты әншінің өкілі барлық шақыртудан бас тартып, жоспарларын кейінге қалдыруға тура келгенін де айтып өтті.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети